» » Жапа басып кеттің ғой, қайран табан!

Жапа басып кеттің ғой, қайран табан!

Ара-тұра қолға қарға тыша ма деп аспанға қарап жүріп, сиырдың «сібежи» жапасын басып кететін кездеріңіз көп пе?! Өз басым осындай жағдайды көп кезіктіремін. Рас, ақиқаты солай. Аты дардай аудан орталығы, жарқырап тұруға тиіс кент қой. Ауыл деуге аузың бармайды, өйткені, ресми атауы оған келмейді. Апырмай-ау, осылай деп кім ойлаған?!
Көлікпен зырлап «Жосалы» деп құшақ жайған аркадан өте бере үш-төрт көлік бір-бірімізді күтуге тура келді. Итеріп жүргендей ыңырсып, дабыл басып, жылжыдық. Алдымызда иін тірескен бір табын сиыр. Кенттің орталығын бетке алып кіріп барады. Оны айдап, жолдан төмен түсіріп жатқан бір пенде жоқ. Иесіз дейін десең, соны көлікке салып алып кете қойыңыз, иесі табыла қалады. Үстіңізден арыз жазып, сотқа береді. Ал егер ол аллея, парктерге кіріп, емін-еркін жайылып жүрсе, иесі табылмайды. Міне, біздің болмыс осылай өзгеріп барады.
Ауласын ірі қарасы бүлдіріп кетсе, түп-тұқиянынан бастап балағаттап, айғай-шу шығарып жатады. Бірақ қоғамдық ортаны ластаса оған бас қатырған бір пенде жоқ. Өйткені, туған жерін, өскен жерін өз үйім деген түсінікпен қабылдайтын көзқарас бізде жетілмей қалған. Жетілмегені былай тұрсын, тіпті сарқыншағы да қалмаған. Ондай ұғымды танымаймыз. Керісінше, билікті жамандап, басшыларды даттап жүруді жақсы көреміз. Етене жақын араласа кеткенбіз. Аттан құлап қалып, «әкім қайда қарап отыр?» деп өкпесін айтып, үстінің шаңын қақпастан кете береді бүгінгілер. Ойпырмай, ондайды көрдіңіз бе?!
Сиыр кезіп барады, жаңа шыққан гүлдерді табан асты езіп барады. Ешкім оған қой демейді, мал екеш малдың өзі соны сезіп барады. Орталық көшеде жолды кесіп өтті, қасындағы көлікке жапаның иісі есіп өтті. Бір топ бала ойнақтап жүр, жапаны жаңа кешіп өтті. Жарықтық, біреуі осының алдын алайын демейді.
Аудандық ветеринария бөлімі ана жолы қаңғыбас иттермен күресіп «шаршаған» шығар?! Олар да үнсіз. Ал мал көшеде жүрсе, оның иесіне әжептәуір айыппұл салынады. Тіпті кей ауылдар мұны тәртіп орнатуға жақсы қолданып отыр. Бірақ біздегілер тым-тырыс. Көше кезген малды ұстау шарасы жүргізілді ме, әлдеқандай кедергі бар ма деп ішкі істер органдарынан жай сұрай алмайсыз. Ал жол белгілеріне қатысты сауал тас­тап, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Абдрахмановқа жазылған №43 хат үнсіз, бәлкім «көңілсіз»... тағы да жауабын «жылдап» күтіп, хабарын айтуын «айлап» тосармыз деп, бұл мәселеге қатысты сауал тастаған жоқпыз.
Сонау Қызылорданың іргесінде бір ауылда тұратынмын. Учаскелік полиция инс­пекторы ауыл әкімімен бірлесе отырып, бір жапырақ қағаз әкелді. Ішінде мал-жанға жауаптылық тәптіштеліп жазылған. Егер де әлдекімнің қорасына түсіп, шығын келтірсе, жемісті көктей солдырса, пәленінші бап бойынша жауапкершілікке тартылады делінген. Әлгі қағаз жақсы болды. Әншейінде ала жаздай бақшаға түсіп бас ауыртатын көршінің қой-ешкісін мүлдем көрмейтін болдық. Бұл үшін әлемде жоқ жаңалық ашудың қажеті жоқ, әрбір қаңғыған малдың иесіне айыппұл салса, жеткілікті ғой, келесі жолы қорада ұстайды.
Айтпақшы, мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Аудан орталығынан сәл қашықтау Дүр Оңғар ауылын білмейтін жан кемде-кем. Сол ауылда Қылышбек Әбішев деген арда азамат тазалық жұмысын жақсы ұйыстыра білді. Әр тұрғын үйінің ауласын ғана емес, көшесін де таза ұстауға міндеттелді. Мал өріске кеткен соң көшедегі жапаға дейін тазаланып, алынатын. Бейберекет төрт түлік жүрмейтін. Қылшекең қызметтен кетіп, дүниеден озғаннан кейін бұл ауылға бірнеше мәрте бардым. Қ.Әбішевтің бастамасы әлсіреп, жұрт тазалыққа бейқам қарай бастапты. Ауыл көшелері сиырдың жапасынан көрінбейді.
Ойланып келе жатыр едім, аспанда ұшқан қарғаға қарап. Аузым аңқиып, табаным былш еткізді. Қайран табан, тағы да жапа бастым, жарықтық...
Аян СПАНДИЯР.
12 қазан 2018 ж. 3 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031