» » КАНДИДАТТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

КАНДИДАТТАР КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Нұр-Сұлтан қаласында Қа­зақстан Республикасы Президент­тігіне үміт­кер Жамбыл Ахмет­беков­тың се­німді өкілдері қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесті. Сонымен қатар іс-шара барысында партияның жа­ңа мүшелеріне партиялық билет табысталып, шахмат турнирі ұйым­дастырылды.
Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі тезистері түсіндірілді. Нұр-Сұлтан қаласы сай­­лауалды штабының жетекшісі Н.Ораз­ханов пен партияның құрметті ардагері Н.Батюта  кездесуден кейін партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билет тапсырды. Бұл күні партия қатары Қазақстанның жаңа азаматтарымен толықты.
Н.Оразхановтың пікірінше, пар­тияның жаңа мүшелері үшін өмірдің ерекше кезеңі басталады. Оларға партияның үндейтін идеялары мен құндылықтарын ілгерілендіруді жал­ғастыру міндеті жүктеледі. Сонымен қатар ол еліміздің әрбір азаматы үшін партияның есіктері ашық екенін айтты.
***
«Ақжол» партиясы атынан Қа­зақстан Республикасының Пре­зи­­дент­тігіне үміткер Дания Еспаеваның сенімді өкілдері Қарағанды қала­сында үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізді.
Сенімді өкілдер сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты. Сондай-ақ, олар сайлаушыларға үміткер тарапынан ұсынылған қа­зақстандық өндірісті қолдау та­қырыбында ой қозғады. Олардың қа­­тарында қолжетімді несие, төмен­детілген салық ставкалары және шынайы бәсекелестікке қо­лайлы жағдай жасау секілді мәселелер де бар. Жүздесу барысында өңірдегі шағын кәсіпкерлік тарапынан кез­десіп жүрген мәселелер таразыланды. Партияның Қарағанды облысы филиалының мәліметі бойынша, былтыр оларға 800-ге жуық кәсіпкер мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысым көрсетілгенін ха­барлаған. Бұл мәселелер қатарында заңсыз тексерулер мен кәсіпкерлер құқығын бұзуға байланысты шағым айтқан.
Сенімді өкілдер  Қарағанды тур­бомеханикалық зауыты ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кәсіпорын 25 жылдан бері рынокқа өнімдерін шығарып келеді. Олардың қызметі – жылу электростанциялары қосалқы бөлшектерін дайындау, қызмет көрсету мен жөндеу. 
***
Қазақстан Республикасының Пре­­зи­денттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы өз жұмыстарын жүргізді. Кандидаттың сенімді өкілдері Ақтөбе қаласында сайлаушылармен кездесті.
Кездесудің модераторлығын об­лыстық сайлауалды штабының басшысы Айтқали Италиев атқарды. Кездесу барысында платформаның негізгі бағыттары талқыланып, жұ­мыскерлермен қарапайым тұр­ғындар пікірлерін ортаға салды. Пікірлесу барысында қаты­сушылардың өзекті сұрақтарына штаб мүшелері жауап берді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республи­касының Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Абай көшесі мен Республика даңғылында орналасқан үйлердің аулаларын аралап, сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратты.
***
«Бізге мұнай, көмір, темір сияқты қазба байлықтарға сеніп отыра бермей, ауыл шаруашылығын да нықтап қолға алу керек. Өйткені, соңғысы ешқашан сарқылмайды. Сондықтан, оны қазірден бастап бір жолға қойып, әлеуетін толық пайдалана алсақ, болашаққа алаңдауға еш негіз қалмайды» деді Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміт­кер Төлеутай Рақымбеков Ал­матыдағы аграрлық ғылым өкіл­де­рімен кездесу барысында.
Алматыдағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты жердің беткі қабатын зерделеп, оның құнарлылығын арттыру технологиясын әзірлейді. Тіпті, мұнда әлемде теңдесі жоқ бастамалар да бар. Соның арқасында қазір ауыл шаруашылығымызда өнімділік артып, саланың бойына қан жүгіре бастаған. Ал, Төлеутай Рақымбеков осындай ғылыми мекемелерге қол­дауды аямау керегі жайында үнемі айтады.  
Аграрлық ғылым саласының өкіл­­дерімен кездесу барысында салаға жас мамандарды тарту, жұ­мыс­сыз­дықпен күрес және жем­қорлықты жою мәселелері де сөз болды.
***
Қазақстан Республикасының Пре­­­­­­зи­денттігіне үміткер Амангелді Таспиховтың сенімді өкілдері Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысында үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізді. Үміткердің сенімді өкілдері Талдықорған қаласында еңбек ұжым­­­дарымен кездесті, Нұр-Сұлтан қа­ласында жастар флешмобын ұйым­дастырды.
Елордада кәсіподақ қоз­ға­лы­сының 200-ден астам жас белсеніп саябақ аумағында жиналды. Олар астана қонақтары мен қала тұрғындары алдында биден флешмоб өткізді. Флешмоб барысында хореографтар еңбек адамдарының бейнесін көрсетуге тырысты. Амангелді Таспиховтың сайлауалды бағдарламасында еңбек адамдарының мүддесін қорғау қам­тылған.
Алматы облысында кандидаттың Парламент Мәжілісіне өзінің бюджет ұйымдары қызметкерлерінің жа­ла­­қысын тағайындау жөніндегі ме­ханизмді қайта қарау ұсынатыны айтылды.
***
Қазақстан Республикасы  Прези­денттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысында болды. Кандидаттың се­німді өкілдері аталмыш облыстағы ірі кітапхана қызметкерлері және оқырмандарымен кездесті.
Жиналған жұртшылық алдында Сәдібек Түгелдің сайлауалды платформасы жан-жақты түсіндірілді. Тұр­ғындар өңірде үміткердің бағдар­ламасында көрсетілген мәселелер көп­шілік көкейіндегісін дөп бас­қанын жеткізді. Қазақ халқының құн­дылықтарын сақтау бойынша  Сәдібек Түгел тілдік қорды дамыту, ұлттық дәстүрді сақтау бойынша өскелең ұрпақ мектептен білуі тиіс. Сондай-ақ, ол түнгі клубтар мен букмекерлік ке­ңселерді жабу мәселесін ұсынады. Ұлттық құндылықтарды сақтауды қол­дайтын үміткердің ойына ол ұрпақ тәрбиелеуде өз септігін тигізетін болады.
 Үміткердің сенімді өкілі Салтанат Құмарованың айтуынша, Сә­дібек Түгелдің сайлауалды бағ­дар­ламасында көрсетілген мә­селелер көпшілікке ой салады. Атап айтқанда, түнгі клубтар мен тотализаторларды жабу көп түйткілді шешеді. Бұл орындар көптеген мәселені туындатып жүргені белгілі.
10 маусым 2019 ж. 570 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930