» » Актив отырысы

Актив отырысы

«Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының активі отырысы болып өтті.
Отырысқа төрағалық еткен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, партия филиалының төрағасы С.Қожаниязов актив отырысы Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» Партиясының кезекті ХVIII съезінде берген тапсырмаларын түсіндіруге арналғанын атады. Сонымен бірге, партияластарға Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысып қана қоймай, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен берілген тапсырмалардың орындалу барысына бақылау жүргізу керек екенін жеткізді.
Отырыс барысында С.Қожаниязов, Мемлекет басшысы Съезде қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар қабылдағанын және аз қамтылған көпбалалы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлгенін нақты мысалдармен баяндады. Съезде партияның атқарған жұмыстары қорытындыланып, болашақа бағдарлар белгіленді. Олар, Елбасының тапсырмасымен әзірленген, партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: он жылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасында көрініс тапты. Съезд барысында партияның Саяси кеңесі мен Саяси бюросының жаңа құрамы бекітілді. Сондай-ақ съезде Орталық бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы бекітіліп, партия жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Съезд делегаты Б.Бекпанов Съезде Мемлекет басшысы атап өткен 4 партиялық жоба туралы баяндады. Олар:
«Бақытты отбасы» жобасы. Бұл бастама алдымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қолға алынып отыр. Жоба аясында партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері мен филиалдары арқылы мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіледі.
«Құтты мекен» жобасы алдымен ауылдық жерлердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы да ауыл¬дарымызды дамытып, ол жақта жұмыс орындарын ашып, жайлы өмір сүруге қолайлы жағдай жасауды көздейді.
«Халыққа көмек» жобасы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Бірыңғай әлеуметтік терезелер» ашып, халыққа жедел әрі нақты көмек көрсетіледі.
Сонымен бірге, Елбасының съезде берген тапсырмалары өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталғанын айта келе, оларды түсіндіру бойынша жұмыстар басталғанын атады.
Партия мүшелері К.Ирюков, Ә.Дәуленбаев, Е.Қалиев, Ә.Сәденова, Ғ.Сәрсен отырыста жаңа бастамаларға қолдауларын білдіріп, оларды жүзеге асыру бойынша өз ойларымен ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу қорытыдысы бойынша «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалына, партияның саяси кеңес және бюро мүшелеріне, сондай-ақ партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясына келесі тапсырмалар берілді:
- «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде айқындалған әлеуметтік қолдау шаралары және Партияның 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: он-жылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасы жөнінде түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жүргізу;
- «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі», «Халыққа көмек» партиялық жобаларын жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау;
- Елбасының жаңа әлеуметтік шаралары бойынша берілген тапсырмаларды және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдап, бөлінген қаражаттың мақсаттына сай жұмсалуына бақылау жүргізу.

13 наурыз 2019 ж. 861 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031