» » Жетекші партияның бүгінгі ісі - ертеңге үлгі

Жетекші партияның бүгінгі ісі - ертеңге үлгі

Көктемнің алғашқы күні «Нұр Отан» партиясы үшін ерекше мәні бар маңызды күн. Осындай күні «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның құрылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Шараға аудандық партия филиалы қызметкерлері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия белсенділері қатысты. Салтанатты шараны «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Буханов Дастан Әбдібекұлы ашып, шараға қатысушыларды партия күнімен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының ел мүддесі жолындағы оң бастамалары игі істердің арқауы болып, партия қатарының да күннен - күнге өз қолдаушыларымен толығып келе жатқанын айтты. Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай партия белсенділеріне облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлының алғыс хатымен марапаттап, партия қатарына жаңадан қабылданушыларға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстады. Шара барысында Қармақшы ауданының құрметті азаматы Ә.Құлдүйсенов, аудандық мәслихат депутаты А. Үсеновтер біздің партиямыз – «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады және олардың орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырғандығын айта келе шараға қатысушыларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады.
02 наурыз 2019 ж. 1 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 330
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031