» » Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу

№275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагері оқушылары бірге қалалық бассейнге барды. Мақсаты - балалардың көңіл-күйін көтеру, жақсы әсер сыйлау, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Жалпы саны – 25 оқушы барды. Лагерь директоры, тәрбиешілер, дене шынықтыру мұғалімі мен музыкалық жетекші балаларды қалалық бассейнге апарды. Балалардың барлығы өте жақсы көңіл-күйде болды. Ұйымдастырушы ұстаздарға ризашылықтарын білдірді.
Сондай-ақ, лагерь оқушыларымен «Сен дәстүрді білесің бе?» тақырыбында танымдық сайысы өткізілді. Мақсаты - оқушыларды ата – бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету. Жұлдыз лагерінің тәрбиешісі – А.Якудаева, лагерь оқушыларын 4 топқа бөліп, сайыстың ережелері мен кезеңдерін таныстырып өтті. Әр топ өздерінің топ басшыларын сайлап, топтың атауын өздері таңдады. Тәрбиеші ата-бабаларымыздан бері келе жатқан қазақтың салт-дәстүрлеріне тоқталып, сайысты бастады. Алдымен салт-дәстүрлеріміз туралы әр топқа мәлімет жазылған парақшаларды таратып, сол мәліметтерге сәйкес сайыстың келесі кезеңдеріне көшті. Әділқазылар алқасы сайыс соңында жеңімпаз топты анықтап, мадақтамамен марапаттады. Сонымен қатар, "Пионербол" спорттық ойыны мен "Менің туған өлкемнің ескерткіштері" тақырыбында суреттер сайысы өткізілді.
13 маусым 2019 ж. 2 023 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 185

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 302

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930