» » «Әдебиет әлемі»

«Әдебиет әлемі»

№ 275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің оқушыларымен «Әдебиет әлемі» жас оқырмандар сайысы өткізілді. Сайыс мақсаты - оқушыларды білімділікке үйрету, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге үйрету. Сайыс барысында лагерь оқушылары «Тұлпар», «Сұңқар», «Жігер», «Болашақ» деп төрт топқа бөлініп, өз ұрандарымен, топ мүшелерімен таныстырды. Сайыстың «Жақсы кітап-жан азығы» деген кезеңінде әр топқа бір-бір кітаптан беріліп, сол кітапты жарнамаласа, ал «Кітап үйі — кітапхана» кезеңінде оқушылар белгілі ақын-жазушылардың портреттіне қарап, олардың есімі мен шығармаларын айтты. Сайыстың соңғы кезеңі «Көркемсөз шеберлері» бөлімінде белгілі ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ал жазушылардың шығармаларын оқып, өз түсініктерін айтты. Әділ қазылар алқасы сайыстың нәтижесін шығарғанша лагерь тәрбиешілері оқушыларды «Жас оқырман» кітап көрмесімен таныстырып, кітаптың адамның рухани өміріндегі маңызына тоқталып өтті. Сайыс нәтижесі бойынша «Болашақ» тобы жеңіске жетіп, тәтті сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, «Менің отбасым» фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Фотокөрменің мақсаты - ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен отбасы мүшелерінің жағымды қарым-қатынас үлгісін тарату мен отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталды. Көрмеге қатысқан лагерь оқушылары өз ата-аналарымен және де өзге де отбасы мүшелерімен түскен қызықты суреттерін әкеле отырып, өз отбасылары мен отбасылық дәстүрлері туралы баяндады. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында өткізілген фотокөрме жұмысы өз деңгейінде өтіп, оқушылардың көңілінен шықты. Сондай-ақ, оқушылармен "Оригами" қолөнер сайысы өткізіліп, үздік шыққан жұмыстардан көрме жасалды.
08 маусым 2019 ж. 1 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930