"Сәлем, ЖАЗ!"

2019 жылдың 1 маусым күні №275 орта мектебі жанынан ашылған "Жұлдыз" жазғы тынығу лагерінің "Сәлем, ЖАЗ!" тақырыбында ашылу салтанаты болып өтті. Мақсаты- оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыра отырып, лагерь жұмысының жүйелі орындалуы арқылы балаларды азаматтық ұстанымға, Отан сүйгіштікке, инабаттылыққа, адалдыққа тәрбиелей отырып, салауатты өмір салтын ұстануларына үлес қосу жұмыстарын жандандыру. Лагерьдің ашылуында сөз алған мектеп директоры - Б.Калмаханов оқушыларды "1 маусым - Халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтап, лагерьдің алдағы күндеріне сәттілік пен көңіл- куй тіледі. Әсем әндер айтылып, тамаша билер биледі және қызықты ойындар ойнатылды. Сондай-ақ Миньондар және Микки маус секілді мультфильм кейіпкерлері әр түрлі қызықты қимылдар жасады. Жеке кәсіпкер Д.Абдиева демеуші ретінде оқушыларға тәтті сыйлықтарын ұсынды. Мектеп медбикесі Г.Далиева лагерь оқушыларымен тазалық туралы әңгімелесіп, медициналық тексеріс жүргізді. Ал мектеп психологы Г.Есенбаева "Кел, танысайық!" тақырыбында психологиялық сәтін жүргізды. Сондай-ақ "Бақытты балалық шақ!" тақырыбында асфальтқа сурет салу сайысы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

01 маусым 2019 ж. 2 769 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 020
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 634

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031