Топ-баннер
Топ-баннер2
» » "Күлкі сыйла" акциясы

"Күлкі сыйла" акциясы

№275 орта мектеп жанындағы "Жұлдыз" жазғы тынығу лагерінің оқушылары 7 мөлтек аудандағы қалалық саябаққа саяхат жасап, көңілді ойындар ойнады. Мақсаты - оқушыларды табиғатты қорғауға баулу, эстетикалық тәрбие беру, қимыл-қозғалыстарын дамыту. Оқушылар саябақта лагерь ұраны мен әнұранын хормен айтып, қызықты ойындар ойнады. Саябақтағы субұрқақтың көрінісі оқушыларды керемет әсерге бөлеп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. "Жұлдыз" лагерінің жұмыс жоспарына сәйкес тіл және қолөнер үйірмелері және спорт секциялары жұмыс жасайды. Осы орайда, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - А.Якудаева лагерь оқушыларымен түрлі ойындар жүргізіп, сергіту сәттерін жасады. Оқушылар ағылшын тіліндегі жаңа сөздермен танысып, жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешті. Сондай-ақ, оқушылармен "Күлкі сыйла" акциясы өткізілді. Осы акция аясында "Көңілді фотобутофория" іс шарасы жүргізілді. Жалпы фотобутофория дегеніміз- суретке түсу кезінде белгілі бір атмосфераны қалыптастыру үшін қолдан жасалған бұйымдар жиынтығы. Бұл шара мақсаты-оқушыларды еркін қарым-қатынасқа түсуге баулу, көңіл күйін көтеру, достықтарын нығайту. Шара барысында оқушыларға смайликтерді қолдана отырып, күлкілі қалыпта суретке түсу ұсынылды. Осы акция аясында мектептің педагог-психологы Г.Есенбаева оқушылармен психологиялық тренинг өткізді. Сондай-ақ, оқушылармен "Жайдарлы жаз" тақырыбында эссе жазу мен "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында сурет салу мен "Кел, билейік" би сайыстары өткізілді. Барлық сайыстардың жеңімпаздары дипломмен марапатталды.

06 маусым 2019 ж. 2 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 398

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031