» » «Ертегілер әлеміне саяхат»

«Ертегілер әлеміне саяхат»

№275 орта мектебі жанынан ашылған «Жұлдыз» жазғы тынығу лагерінің оқушыларымен «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында сахналық қойылымнан сайыс өткізілді.
Сайыс мақсаты - оқушыларға ертегіні суреттеп ,сахналап қою, мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп,өз көз -қарастарын білдіруге үйрету. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, баланы жақсылыққа бейімдеу.
Сайыс барысында, оқушылар санамақ арқылы 4 топқа бөлініп, бөлінген топтарына белгілі ертегілер атауы беріліп, топ басшылары сайланды. Үш бөлімнен тұратын сайыстың ең қызықты кезеңі, яғни балалар ертегілер кейіпкерлерін сомдады. Балалар өте белсене қатысып, үздік деген топтар жүлделі орындарды иемденді. Сайыс өз деңгейінде болып өтті. Сондай-ақ, «Ән мен әнші» тақырыбында караоке шоу өткізілді. Мақсаты – оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, музыкаға деген сүйіспеншіліктерін ояту, эстетикалық тәрбие беру. Караоке шоу барысында, "Минустық әуендер " қосылып, оқушыларға қазіргі таңдағы танымал қазақша, орысша, ағылшын тіліндегі және мульттоптамалардың танымал әуендері қойылды. Сондай-ақ, балаларға арналған караоке жиынтығының әуендеріне оқушылар топ болып немесе жұп болып ән айтып, бір-біріне тамаша көңіл-күй сыйлады. Караоке шоу өте қызықты өтіп, оқушылардың ән өнеріне деген ынтасын оята түсті. Сонымен қатар, лагерь оқушыларымен «Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сайысы болып өтті . Мақсаты - оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Лагерь тәрбиешілері оқушыларды алдымен топқа бөліп, топ ережесімен таныстырды. Сайыс барысы «Тікелей сұрақ», «Өз құқықтарын білу», «Жағдаяттық сұрақтар», «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс», «Кім жылдам» секілді кезеңдерден тұрып, балаларға тақырыпқа сай сұрақтар қойылды. Үш кезеңнен тұрған сайысқа оқушылар белсене ат салысып, өз ойларын еркін жеткізіп отырды. Оқушылар сайыс барысында оқушылар өз құқығы туралы біліп, бала құқығына қатысты құжаттармен танысты.
Сайыста жақсы көрсеткіш көрсеткен топтар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Сайыс өз деңгейінде өтіп, тәрбиешілер қойылған мақсатқа жете білді.



08 маусым 2019 ж. 2 787 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031