» » ЕРТЕҢГЕ ЖАСАЛҒАН ОҢ ҚАДАМ

ЕРТЕҢГЕ ЖАСАЛҒАН ОҢ ҚАДАМ

Болашақтың іргесін бүгіннен қалап, келешегіне даңғыл жол сала білетін білім саласына саналы ғұмырымды арнаған ардагер-ұстазбын.  Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне бүгіннен көңіл бөліп, оның ертеңгі күні еліміздің бір кірпіші болып қалануына мүдделі жанның бірімін.
Елімізде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау жауапты кезеңінде өңір жұртшылығы да жанашырлық танытып, оған біркісідей атсалыса білді. Қоғамдық ортаның қайнаған ортасында жүрген адам ретінде аталған сайлаудың әділ де ешбір мәселесіз өткенінің куәсімін. Бұл жауапты науқанға мемлекетімізге қатысты шешуші кезеңдерде әркез үн қатысып, өз ойын білдіретін  ұстаз қауымы да белсенділік танытты. Өйткені, ұрпақ болашағын мойнына артқан ұстаз мұндай саяси науқанның еліміз үшін маңызды екенін жақсы біледі. Мен де сол ұлағатты ұстаздардың қатарында сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Бұл әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығы.
Әрине, сайлауда Атырау мен Алтайға дейінгі аралықты алып жатқан ұлан ғайыр Қазақ еліне еңбегі сіңген әрі оны әрі қарай да гүлдендіріп-көркейте алатын жанның сайланғаны анық.
Ауданымыздың барлық сайлау учаскелерінде сайлаушылар ерекше көңіл-күймен келіп, өз дауыстарын берді. Кейбірі әулетімен келсе, енді бірі бірінші мәрте дауыс беру құқығына ие болып, таңдау кабинасына толқи кірді. Не десек те, мемлекетіміздің жарқын да айшықты болашағы үшін өткен маңызды қадамға қармақшылықтардың құл­шына қатысқаны сөзсіз.
Дәмелі ЖАЛҒАСБАЕВА,
ардагер-ұстаз. 
11 маусым 2019 ж. 1 592 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031