Конституция
» » БІРЛІГІМІЗДІ, ІРІЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТТІК

БІРЛІГІМІЗДІ, ІРІЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТТІК

Елдің ертеңіне бей-жай қарай алмайтын ұрпақ өкілі болса ол – ардагерлер. Бұл сайлаудың бұрынғыдан өзгерек өткенін бәріміз көрдік. Оған қарттығына қарамай ардагерлер де өз үлесін қосты. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау науқаны – әрбірімізге жауапкершілік жүктегені рас.
Ауданда өткен сайлау да көптің көңілінен шығып, кәмілеттік жасқа толған Қазақстан азаматы қалаған кандидатына өз таңдауын жасады. Жұртшылық таңнан-ақ сайлау учаскесіне ағылып, дауыс берді. Мұнда бірінші мәрте саяси науқанға қатысқан жас та, оған бірнеше мәрте қатысып, ел мүддесіне атсалысқан қартамыс та белсенді рөл атқарды.
Жалпы сайлау әділ өтті. Еш­қандай тәртіпсіздік, қандай да бір келеңсіз оқиғалар орын алған жоқ. Мамыражай жағдайда халықтың ауызбірлігін танытқан шара болды бұл. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы көп да­уыс басымдығымен жеңіске жетті.
Мемлекет басқару – қашан да оңай болмаған. Жаңадан сайланған Мемлекет басшысының жауапты да аса күрделі қызметіне тек қана табыс тілейміз. Сақа саясаткердің еліміздің болашағы жолында аянбай тер төгіп, еңбек ететініне бек сенеміз.
Қаршыға ЕСДӘУЛЕТОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
11 маусым 2019 ж. 1 046 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031