» » Грузия тарихында тұңғыш рет әйел президент сайланды

Грузия тарихында тұңғыш рет әйел президент сайланды


Грузияда президенттік сайлаудың нәтижесі жарияланды.
Сөйтіп ел тарихында алғаш рет мемлекет басшысы болып әйел адам сайланды. Тәуелсіз үміткер Саломе Зурабишвили қарсыласы - –оппозиция өкілі Григол Вашадзеден 10 процент артық дауыс жинап алға шыққан. Президент лауазымы үшін бәсеке тартысты өтті. Тәуелсіз үміткер Саломе Зурабишвилиді ірі қалалардағы сайлаушылардың басым бөлігі қолдады.

Саломе Зурабишвили, Грузия президенті:– Ең алдымен бәріне алғыс айтқым келеді. Бүгін халқымыз саналы таңдау жасады. Бәріміз бірлесіп, қоғамымыздың дамуы мен еркіндігіне кері әсер ететін кедергілерге жоқ дедік. Таңдауымыз – бейбіт Грузия. Үкіметіміздің арқасында сайлау бейбіт түрде өтті. Дауыс бергендердің бәріне алғыс айтамын.
Президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дауыс берушілердің 56,23 проценті қатысқан. Орталық сайлау комиссияның мәліметінше, Зурабишвили үшін 59,52, ал Вашадзеге 40,48 процент дауыс берген. Бір қызығы шетелде тұратын Грузия азаматтарының көбісі оппозиция өкілін қолдаған.

Тамар Жвания, Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрайымы:– Сайлау учаскелеріне келген халыққа алғысымды білдіремін. Сайлауды өткізген мамандар мен байқаушыларға да көп рақмет. Орталық сайлау комиссиясына ресми түрде 289 шағым түскен.
Сайлау өткен күні тәуелсіз байқаушылар заң бұзушылық болғанын бірнеше мәрте мәлімдеді. Дауыс беру құпиясын сақтамау, сайлаушыларға пара беру және сайлау нәтижелерін бұрмалау деген айып тағылды. Вашадзе жақтастары да осы мәселені көтеріп шағымданды. Жақын арада оппозицияның нақты қандай әрекет ететіні белгілі болады. Олар жаппай наразылық шеруін де ұйымдастыруы мүмкін.

Григол Вашадзе, президенттікке үміткер:– Грузияда сайлау дәл осылай әлі өтіп көрген жоқ. Өкімет бар күшін салып, сайлаушыларға пара беруден аянған жоқ. Қорытындысына қарамастан, оппозицияның бірігуі өз нәтижесін берді. Біз ешқайда кетпейміз, бұл қимылымыздың тек басы ғана.
Осыдан бір ай бұрын, сайлаудың бірінші кезеңінде 25 үміткердің ешқайсысы қажетті дауыс жинай алмады. Президентті халық тікелей соңғы рет сайлады. Зурабишвилидің алты жылдық мерзімі аяқталғаннан кейін, келесі мемлекет басшысын 300 адамнан құралған парламенттік коллегия сайлайды.

29 қараша 2018 ж. 1 066 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 904

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 938

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031