» » Грузия президенті болуға 39 адам үміткер

Грузия президенті болуға 39 адам үміткер

Грузия президенті болуға 39 адам үміткер
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - 8 қыркүйек күні Грузияда ел президенттігіне кандидатураларды тіркеу аяқталады. Бүгінге дейін бұл лауазымға 39 адам үміткер ретінде тіркелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.
Грузия Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, қазірге дейін сайлауға қатысуға 39 адам өтініш берген. Оның 20-сын бастамашыл топтар, қалған 19-ын саяси партиялар ұсынған.
Кандидаттарды қолдайтын қолтаңбаларды ОСК-ға сайлауға кем дегенде 40 күн қалғанда тапсыру қажет. Жалпы 23 923 қолтаңба (бүкіл сайлаушылардың 0,75%) жиналуы тиіс. ОСК оларды тексергеннен кейін, сайлауға дейін кем дегенде 30 күн бұрын жиналған қолтаңбалар мен құжаттамаларды заң талаптарына сәйкестігін тексеріп, президенттікке кандидаттарды тіркейді.
Әзірше тек төрт үміткер толық тіркеуден өтті. Олар: Михаил Салуашвили («Халық дауысы»: Құдай біздің жол салушымыз» Әділет орнату одағы»), Звиад Багдавадзе («Жаңа Грузия - азаматтық тұғырнамасы»), Шалва Нателашвили (Грузия Лейбористік партиясы) және Давид Бакрадзе («Еуропашыл Грузия - Еркіндік үшін қозғалыс»).
inform.kz


08 қыркүйек 2018 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 485
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930