» » 5 МАМЫРДА ГОЛОВКИНГЕ КІМДЕР ҚАРСЫЛАС БОЛА АЛАДЫ

5 МАМЫРДА ГОЛОВКИНГЕ КІМДЕР ҚАРСЫЛАС БОЛА АЛАДЫ

   

ҚазАқпарат - WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) 5 мамырда айқасатын қарсыласы әлі белгісіз, деп хабарлайды Sports.kz.

Ирландық Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО) потенциалды үміткер деп есептелген еді, алайда бұл айқастың болмайтыны белгілі болды: «Спайктың» қызығушылығын ұсынатын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы гонорар мен жекпе-жекке дейін уақыттың аз болуына байланысты бас тартқан. Қазіргі таңда үш үміткер бар. Бірінші - IBF желісі бойынша міндетті үміткер Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО). Екінші үміткер - Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО), ол Головкинмен жұдырықтасуға дайын, бірақ бұл жекпе-жекті IBF қаламайды. Басқа да бокс ұйымдары мен Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы (айқас Карсонда, StubHub  аренасында өтуі мүмкін) Мартиросянның үміткерлігін мақұлдады. Үшінші үміткер - бразилиялық Ямагучи Фалькао (15-0, 7 КО), оның да ісін Golden Boy жүргізіп жатыр, бұл нұсқаны О'Салливанның орнына ұсынған болатын.  5 мамыр күні айқас мүлдем болмауы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармау керек. Алайда, Головкин таяуда берген сұхбатында дәл осы күні рингке шыққысы келетінін айтты. 
13 сәуір 2018 ж. 1 269 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 05:52
Cialis Canada No Prescription Generic Discount Levitra cialis 5 mg Acheter Amoxicillin Remede Tarif En Pharmacie Tomar Cialis Alcohol

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930