» » МИЛОШ ЗЕМАН ЧЕХИЯДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

МИЛОШ ЗЕМАН ЧЕХИЯДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Чехияның 73 жастағы қазіргі президенті Милош Земан екінші рет сайланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Земан екінші турда өзінің қарсыласы — Ғылым академиясының бұрынғы төрағасы Йиржи Драгошты 51,45% (2,84 миллион адам) басымдықпен жеңді. Ал Йиржи 48,54% (2,68 миллион адам) дауыс жинады.
«Бес жыл бұрын болған президент сайлауында маған 2,7 отандасым дауыс берген еді, ал қазір мені қолдаушылардың саны 2,8 миллионға жетіп отыр. Сол себепті алдағы бес жылда жақсы нәтижелер көрсету үшін барымды салып, Чехия республикасының азаматтарының көңілін қалдырмаймын деп уәде беремін», — дейді Земан.Мұнымен қатар, ол Драгошқа дауыс берген азаматтарға да алғыс білдірді.
28 қаңтар 2018 ж. 1 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 936
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 574

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930