» » ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАЙМЫН

ТАҢДАУЫМДЫ ЖАСАЙМЫН

Біздің қатарымыз – тар жол тайғақ кешуден өтті. Әйтсе де, халықтың басына түскен қиыншылықты көтеріп, ұрпағына ұлағатты жол көрсете білді. Қайсыбір істе болмасын ардагерлер қауымы қашан да қалыс қалмайды. Кешегі қиын-қыстау заман бүгінде мамыражай бейбітшілікке ұласуда. Мұнан асқан ел үшін де, біз үшін де қауаныш һәм арман бар ма? Бұған дейін де еліміздің саяси науқанына – ел Президентін сайлауға тұрақты қатысып келемін. Бұл жолы да осы тұғырдан айнымаймын. 
Біреуді жақсы, біреуді жаман деуден аулақпын. Маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің барлығы да танымал тұлғалар, ел азаматтары. Десе де, осылардың ішінен мен үшін айрықша аталатын есім бар – ол Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Саяси тұлғаның бүкіл өмірдерегі халықтың көз алдында. Артынан бірауыз сөз, нашар пікір ермеген азаматтар саусақпен санарлық. Бұл соның – бірі де бірегейі. Мен ешқашан ол туралы ел ауызана жайсыз әңгіме, қандайда бір әділетсіздік тұрғысында пікір естімеппін. Бұл – үлкен жеңіс әрі елдің оған берген жоғары бағасы деп білемін. 
Әрине, сайлауда кімнің кімге дауыс беретінін әркім өзі шешеді. Дегенмен, мұндай құндылықта қателеспеген ләзім. Саясаттың ащысы мен тұщы дәмін бірдей татып жүрген тұлғаға дауыс беру – болашаққа жарқын жол бастағанмен пара-пар. 
Жасым сексенге келсе де, сайлауға дауыс беруге қатысып, таңдауымды жасаймын. Сіз де мұндай міндеттен құр қалмаңыз!
Айша ОСПАНОВА,
Тыл ардагері
28 мамыр 2019 ж. 992 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 500
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 297

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930