» ЕЛ ТАҢДАУЫМЕН ЕР АТҚА ҚОНДЫ

ЕЛ ТАҢДАУЫМЕН ЕР АТҚА ҚОНДЫ

9-маусым күні елімізде кезектен тыс президе­н­т сайлауы өтті. Бұл тағдырымыздың шешуші сәті ретінде тарихта қалған ерекше күн.  Осы сайлаудың ерекшелігі – өткен сайлауға қарағанда бұл жолғы үміткерлер санының көп болғаны. Сол күні мемлекеттің ең жоғарғы лауазымына жеті үміткер түсті. Олар: Қасым-Жомарт Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспиқов, Дания Еспаева, Төлеутай Рақымбеков, Жамбыл Ахметбеков, Әміржан Қосанов. Сайлаудың кезектен тыс өту себебі ширек ғасырдан аса ел басқарған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтатып, жастарға жол беруі.
– Төңірегіміз түгел дамып келеді. Қазақстанды жаңа белеске бастау үшін ел басшылығына озық ойлы, жаңа буын келуі керек, – деп шешкен еді кемеңгер көшбасшы. Міне сол күннен бастап саяси науқан, жаңа басшы сайлауға дайындық қызу басталған-ды.
Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін 1 аумақтық, 35 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде Байқоңыр қаласында 11, Төретам кентінде 3, Ақай ауылдық округінде 2, Жосалы кентінде орналасқан 7 сайлау учаскесі тұрғындардың таңдаған үміткеріне дауыс беруіне мол мүмкіндік жасады. Ауылдық елді мекендердегі орталықтар да қалыпты, ешбір ескерту не заң бұзушылықсыз жұмыс істеді. Саяси науқанға қатысушылардың белсенділігі де көңіл қуантты. Бұл ел өміріне тұрғындардың бей-жай қарамайтынын аңғартады. Аудан бойынша 2 шетелдік байқаушы тіркелген. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін жалғасты. Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов таңертеңгілік Жосалы кенті орталығындағы №30 орта мектептегі №100 сайлау учаскесінде дауыс берді. Аудан тұрғындарының ашық әрі демократиялық таңдау жасауына барлық жағдай жасалды.
Ал №105 мектепте орналасқан №98 сайлау учаскесіне М.Әуезов көшесі, №24 үйдің тұрғыны Бақыткүл Отарова сағат 5.30-да келіпті. Елдің ертеңіне алаңдаған ардагер ана ұйықтай алмағанын айтады.
– Сайлау – еріккеннің ермегі емес. Оның маңызын кім қаншалықты түсінетінін білмеймін. Біз сонау соғыс жылдарында дүниеге келдік. Қиындық көрдік. Елмен бірге еңкейіп, еңсе тіктедік. Сондықтан қазіргі бейбіт өмірімізге тәубе дейміз. Ертеңіміз үшін алаңдаймыз. Күннен-күнге қарыштап дамыған мемлекетімізді одан әрі жандандыратын жалынды, жігерлі басшыны тілеп келдім. Бүгін таңдауымды жасадым. Мен қалаған үміткер жеңіске жетеді деп ойлаймын. Бүгін ең бірінші келіп дауыс бергендіктен арнайы дайындалған сыйлыққа ие болдым, – деп қуанып, ағынан жарылды ана.
Иә, сайлау – үлкен мереке. Елдің ең басты құндылығы – татулық, бірлік, ынтымақтың ұйысып, көрінер кезеңі. Қай кезде де осы құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз керек.  №26 орта мектепте орналасқан №94 сайлау учаскесіне Қармақшы ауданының құрметті азаматы Сәдуақас Шалабаев тұтас отбасымен барды. Таңдаған тұлғамыз жұмысқа қабілетті, халықтың, еңбекші қауымның өтініш-тілегіне ықтиятты болады, – деген сенім білдірді олар.
– Сайлау демократиялық түрде өтті. Ешкім анаған, мынаған дауыс бер деп қолқа салып жатқан жоқ. Достарыммен бірге осы күнді ерекше күттік. Себебі біз бірінші рет сайлауға қатыстық. Еліміз үшін маңызды қадам жасадық. Енді біз бала емеспіз. Келешегіміз үшін келелі тірлік қылуымыз керек. Билік басына көрегенді басшы келіп, жол бастаса, біз жалғаймыз. Еліміз гүлденетініне сенемін, – дейді ең жас сайлаушы Бекмұрат Әлімханов.
Айтулы саяси науқанға шет мемлекеттің де көз тігіп отырғаны шындық. Әсіресе, көршілес жатқан Ресей мемлекеті.
 – Қазақстан халқы үздіктердің ішінен үздік кандидатты таңдайды деп сенеміз. Халықтың мұң-мұқтажын білетін әрі түсінетін адам ғана сайлауда жеңіске жете алады, – деп атап көрсеткен еді  Ресей мемлекеттік думасының депутаты Анатолий Выборный.
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын да жариялады. Сонымен, "Nur Otan" партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті. Әміржан Қосанов – 16,02%, Дания Еспаева – 5,2%, Төлеутай Рақымбеков – 3,2%, Амангелді Таспихов – 2,07%, Жамбыл Ахметбеков – 1,82%, Сәдібек Түгел – 0,92% дауыс жинаған.
Ең көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзге мемлекет басшыларынан құттықтаулар келіп түсуде. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Үздіксіз құттықтаулар легіне ризашылық білдірген басшы өз сөзінде бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды дамыту жөнінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
---
11 маусым 2019 ж. 1 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031