» » Ауылдағы СӘН САЛОНЫ

Ауылдағы СӘН САЛОНЫ

Қазақ елінің әлем  деңгейіне көтерілу жолындағы мұраты айқын. Қол жеткізген жетістігі мен жеңісі де жетерлік. Мемлекет тарапынан кәсіп ашамын деушіге ауқымды жобалар іске асуда. Соның бірі заман талабына сай Ақтөбе ауылында жалғыз сән салоны қызмет етуге жарап тұр. Бүгінде кәсібінен береке тауып отырған «Адина» салонының иесі – Айдана Жүнісова.
Әрине, ауылда тойхана жоқ. Десе де аудан орталығындағы біріне баруы үшін осы сән салонына бас сұғады. Мұнда қыз­меттің барлық түрі бар. Мәселен, шаш сәндеу, бояу, қию, бет әрлеудің барлық түрі, сондай-ақ тырнақ сәндеу де бар. Ал бар қызметті кәсіпкердің өзі-ақ атқарады. «Басты көмекшім – екінші анам» дейді ол бізбен әңгімесінде.
– Ауылда бос отқанша кәсіп ашайын деген ой келді. Әрине, ең алдымен қолдау білдірген жақындарыма алғысым шексіз. «А студио» сән салонынан, Айзада, Айгерім Асқарбектерден тәжірибемді шыңдадым. Бас­та тұтынушыларды үйден қа­былдап жүрдім. Уақыт өте жоба әзірлеп, 500 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиеге қол жеткіздім. Барлық құрал-жабдығымды алып, міне жұмысымды бастап та кеттім, – дейді Айдана Жүнісова.
Сән салонындағы қызмет бағасы қол жетімді. Мұнда ат басын бұрушылар қатары да аз емес. Ауыл тірлігімен біте қайнасқан екі баланың анасы барлығына да үлгеріп отыр. Қалай деймісіз? 
– Айдананың бұл жұмысқа икемі барын байқадық. Өзі құр­быларының шашын сәндей­тін. Осыны шыңдағысы келді. Оқуын оқыды. Қазір шүкір, барлығына үлгеріп жүр. Ендігі осы салаға тағы қызмет түрін қосатын ниеті бар, – дейді кәсіпкердің анасы.
Үй жанындағы шағын сарайдан кәсібін бастаған жас келіннің алға қойған мақсаты да айқын.
– Кәсіппен айналысу кез кел­геннің қолынан келеді. Бас­тысы ниеті болса болғаны. Жастарға кәсіп ашуға, сол арқылы өзін-өзі қамтуға кеңес беремін. Нарықтық қоғам «алма піс, аузыма түс» деп жатуды көтермейді. Бұл мен армандаған ойдың бірінші сатысы. Ендігі мақсат – осы кәсіпті одан әрі дамыту, үлкейту. Ауыл жастарын жұмыспен қамту, – дейді жас кәсіпкер.
Ауылдағы жаңа, жалғыз сән салоны тұрғындарға барынша қызмет көрсетпек. Өйткені, сән мен салтанат құрған жерде кәсіп те дөңгелейді.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
11 маусым 2019 ж. 3 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 165
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031