» » ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТПЕК?

ОҚУШЫНЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ҚАЛАЙ ӨТПЕК?


ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БІРЕР АПТА ҚАЛДЫ. 3 АЙ ДЕМАЛЫСТЫ АСЫҒА КҮТЕТІН ОҚУШЫЛАР ОСЫ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕ ҚАЛАЙ, ҚАЙДА ДЕМАЛЫП ЖҮР? АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ҚАРАСТЫ 30 ШАҚТЫ МЕКТЕПТІҢ БАР БАЛАСЫН СЫРТҚЫ ЛАГЕРЬГЕ ҚАМТУ МҮМКІН БЕ? ЖОҚ, ӘРИНЕ. ДАНА ХАЛҚЫМЫЗ «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, БАЛАҒА ЖАСА» ДЕП ТЕГІН АЙТПАҒАН ҒОЙ. ТАНЫМЫ КЕҢ, АРМАН-МАҚСАТЫ БИІК ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ҚОҒАМ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢ БАС­ТЫ МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ. ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ТИІМДІ ӘРІ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗГЕН БАЛАНЫҢ ДЕНІ САУ, КӨҢІЛІ КӨКТЕМ, ЕҢ БАСТЫСЫ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ДА ЖОҒАРЫ БОЛМАҚ. ШУАҚТЫ КҮН, ШАҒЫЛ ҚҰМ, ЖАҒАЛАУ – БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ӨТКІЗУГЕ ТАПТЫРМАЙТЫН ОРЫНДАР. ШЫНЫҚТЫРЫП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ОЛАРДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ.
Бізде жаз мезгілінде балалар тыны­ғатын жағажай түгілі бассейн де жоқ. Ана жылы «Жастар саябағы» ішінен бассейн ашылғанда бөркімізді аспанға атып қуанған едік. Бұл қуаныш та ұзаққа созылмады. Бүкіл бала сонда жиналып, суға түсіп, сергіп, жаз бойы рахатқа бөленген еді. Бір-ақ жаз пайдаландық та қараусыз тастағаннан ба, мүлікке немқұрайлылық таныттық па әйтеуір тәп-тәуір бассейнді іске жарамсыз халге келтіріп қойдық. Жүзіп үйренбеген, жаттықпаған баламыз барар жер болмағандықтан дарияға бір сүңгіп шығам деп арты қайғылы жағдайға ұшырауда. Тынығу лагерінің де керегін айтып жырлағанымызға көп болды. Жыламаған бала аузына кім тамақ тоссын. Сұрай-сұрай мәселені де шештік деп қуанғанымен 2017 жылда басталған құрылыс әлі бітпеді. Биыл пайдалануға беріледі деген үміттеміз. Ал ертерек уақытта еңбек-тынығу лагерьлері деген болған. Балалар бір мезгіл лагерь маңында жұмыс істейтін еді, белгілі мөлшерде табыс та табатын. Тәрбиенің үлкені – еңбек қой. Бала еңбек етіп үйренуі тиіс. Еңбек денені шынықтырып қана қоймай, сонымен бірге бала бойында көптеген жақсы қасиеттердің қалыптасуына да бірден-бір себепші болады. Жазғы демалыста ұйымдастырылатын ондай еңбек лагерлері әлі де ізін жоймаған.
– 2018-2019 оқу жылында 1-10 сынып аралығында 13809 оқушының 11927-сін (86 проценті) жазғы демалыс және еңбекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда. Сыртқы лагерьге 525 оқушы, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагеріне 1365 оқушы (1-4 сынып) қамтылады. 9-сынып оқушыларынан құралған 1286 оқушы көркейту-көгалдандыру бригадаларында, 613 10-сынып оқушысы еңбек бригадасына оқу практика есебінен жұмыс істемек. Мектеп жанынан құрылған аулалық клубтарда 2217, 436 оқушы дебат үйірмесіне, оқушылар үйінің жанынан құрылған «Жас толқын» аулалық клубқа 1100 оқушы барады. Аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 120 оқушы, ата-ана мен кәсіпкерлер демеушілігімен 200 оқушы сыртқы лагерьлерге жіберіледі, – дейді жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және пайдалы еңбекпен қамтылуын ұйымдастыратын аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқ­шылықова.
Демалыстағы бала қауіпсіздігі де бас­ты назарда. Мектеп ұжымы демалыс ке­зінде де өз оқушыларын назардан тыс қал­дырған емес. Олардың қайда өткізетіні осы бастан сұралып, зерттеледі. Сондықтан ата-ана неғұрлым баласын қауіпсіз орында ұстағаны абзал.
Біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал мән беріп қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, достыққа бейімделеді. Туған жердің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайды.
Түйін:
Ауданымыз шағын емес. Халық саны да шүкір, жеткілікті. Жаз басталса демалатын жер іздеп жан-жаққа кетеміз. Жергілікті кәсіпкерлер бірлесіп неге ауданның бір ыңғайлы бетінен жағажай салмасқа. Сонда бала емес ағаларымыз да Қамбаш асып, Тереңөзек тентіреп кетпес еді.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
«Қармақшы таңы».
12 мамыр 2019 ж. 2 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 266

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930