» » ІСКЕР КӘСІПКЕР

ІСКЕР КӘСІПКЕР

«Іскерлік – табыс кепілі» дегендей, еселі еңбегімен мақсаттаған жобасын іске асыруда тер төге еңбек еткен адам қашанда нәтижеге ие болады. Рас, алда талай қиындықтар кездеседі. Алайда, сол қиындыққа мойынсұнбай еңбек етіп, алға жылжу әрбір кәсіпкердің міндеті.
Өмірде шарықтау бар, құлау бар,
Өмірде қуану бар, жылау бар.
Еңбек еткен құтылар қиындықтан,
Алдыңызда шығар биік ақ тау бар, – дегендей, өзінің ерен еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген кәсіпкер Сейіл Жұмадияровтың есімі байқоңырлықтарға жақсы таныс.
   Ақтөбе өңіріндегі Алға ауданының тумасы  Сейіл Бұқарбайұлы  жер кіндігі Байқоңыр қаласына өткен ғасырдың  тоқсаныншы жылдарында қоныс аударып, қаладағы жаңа өмірін өзі құрған «Экология» құрылыс мекемесімен байланыстырып, қаладағы тұрғын үйлер мен мекеме, кәсіпорындарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысын істеуден бастады.
Кейіннен, яғни  отбасымен ойласа келе, қала орталығынан сауда дүкенін ашып, кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосады. Ал кейіннен «Сказка» атты тағы бір сауда дүкенін ашып, ел игілігіне жұмыс істей бастайды.
«Кәсіп  – түбі береке» дегендей, осы кәсіппен тоқтап қалмай, одан әрі жүйелі жұмыс істеу мақсатында кәсіпті кеңейтуді бастайды.
Бұл да арманға ұласпай, кәсіптегі сенімді серігі, жұбайы Құрмет Қатен­қы­зымен бірлесе жұмыс істей жүріп, 3 шағын сауда-саттық дүкені мен «Розмарин» атты заманауи үлгіде салынған сау­да орталығын ел-жұртқа қызмет етуге ұсынды.
– Өзім негізі құрылысшымын. Жас кезімнен  түрлі ғимараттар салып, оны безендіруді үлкен құлшыныспен істейтінмін. Алайда, заман өзгеріп, қоғамымызда жаңа мамандықтар пайда бола бастады. Соның бірі – кәсіпкерлік. Осы орайда жарым Құрмет екеуміз ойласа келе, осы кәсіпті таңдадық. Сөйтіп, заман талабына сай тұрғындарға сапалы, оның ішінде сауда-саттық дүкендерін аштық. Бүгінде оның саны 4-ке жетті. 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтудамыз. «Еңбек етсең – емерсің» деген екен аталарымыз. Расында да, еңбек адамзат баласын тойдырады, мерейін асырады, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы ретте, мен жоғарыда атқандай,  «СтройСервис» құрылыс мекемесін аштық. Бірақ, сол мекемедегі жұмысшыларды тұрақты емес, мезгілдік жұмыс істеуге қабылдаймын. Яғни, жаз айларында қала тұрғындарынан екі құрылыс бригадасын жасақтап, келісім-шарт негізінде жұмыс істейміз. Ал, қыста жұмысшылар демалады. Өйткені бұл уақытта құрылыс жұмыстары тоқтап қалатыны белгілі, – дейді кәсіпкер.
 «Елім деген ер болса, елім деген е­р де табылар» дегендей, Сейіл  Бұқар­байұлының  ғарыш айлағының өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі еңбегі әкім­шілік тарапынан құрметтеліп келеді. Ол көптеген марапатқа  ие. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жас кезінде анасының «балам, бергеніңді міндет етпе, қайта жоқ-жұқаға көмектес. Алладан қайтады. Халықтың алғысы ұрпағыңа, бізге келеді» деген ақыл сөзін есінде сақтаған азамат, әрдайым көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қамқор қолын созудан аянып қалған емес.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Байқоңыр қаласы.
04 мамыр 2019 ж. 1 004 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 160

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930