» » МАҚСАТ – БИІККЕ БАСТАЙДЫ

МАҚСАТ – БИІККЕ БАСТАЙДЫ

Осыдан 5 жылға жуық уақыт бұрын түрлі салада өз бағын сынап көрген Салтанат Ұзынжасова айналасымен ойласа келе, отбасылық кәсіпті ашуға бекінеді. Алғашында балалар сүйсініп жейтін мақта тәттісін дайындайтын құрылғымен кәсібін бастаған ол кейіннен құймалы балмұздақ, жеміс-жидектен таза табиғи сусын дайындайтын, сонымен бірге сүтті коктейль және жүгері бадынағын, яғни бүгінгі тілмен айтқанда попкорн дайындайтын аппарат сатып алды. Айпақшы, Салтанат попкорн аппаратын өткен жылы мемлекеттік «РИТС» бағдарламасы бойынша алған несиесі арқылы сатып алды.
Салтанат бүгінде Қорқыт ата көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйде отбасымен тұрып жатыр. Ол сол тұрғын үйі бөлмесінің бірінен тұрмыстық заттар мен парфюмерия, ойыншықтар сататын «1001 ұсақ» дүкенін ашып, ел-жұртқа қызмет көрсетуде.
– Негізі банк саласының маманымын. Алайда, бүгінде бұл мамандыққа сұраныс жоқтың қасы. Бірер жыл қоғамдық және келісім-шарт негізінде жұмыс істедім. Бірақ, бұл қызмет уақытша болған соң, отбасыммен келісе отырып, шағын кәсіпкерлікке бет бұрдым. Рас, қашанда қолға алған әр істің бастамасы ауыр болады. Тек оған төзімділік таныта білген дұрыс. Қаншама қиындықты бастан өткердім. Кішкентайларым да өздеріне көп көңіл бөлгенді қалайды, кәсіпті де тоқтатуға болмайды. Жарым Ержанның берген кеңесі мен көмегінің арқасында бар қиындықты жеңе отырып, бүгінде өзім жоспарлаған ісімді жалғастырудамын. Нәтиже де жаман емес. Коктейль, шырынды сусын, попкорн, балмұздақ дайындайтын құрылғыларым бар. Тіпті, өз тұтынушыларым да жетерлік. Арнайы да тапсырыспен жұмыс істеймін. Тұтынушылардың тапсырысы қашан да маған жауапкершілікпен жұмыс істеуге көмектеседі, – дейді жас кәсіпкер.
Салтанаттың алға қойған мақсаты да биік. Ол әрдайым ізденіс үстінде жүретін кәсіпкер екенін білдік. Оған дәлел. Бүгінде аудан орталығында балалар ойын алаңы жоқтың қасы. Расында да, кентте жеткіншектерге арналған бірде бір ойын алаңы жоқ. Міне, осы ретте жас кәсіпкер осы жобаны іске асыруға арналған жоспарының да дайын екенін айтты. Қолындағы ақ қағазға түсірілген кескіндерге қарағанымызда оның талабының биік екенін білдік. Сонымен қатар, Салтанат тігін тігу ісінің де шебері болып шықты. Міне, қызық, кәсіпкердің дүкеніндегі сөрелерге қойылған тұрмыстық заттарды қызықтап тұрғанымызда анадай жерден көз тартқан қазақы түрлі нақышпен безендірілген балалар киім үлгісін байқап қалдық. Жанынан жақындап келіп, бұларды қайдан алғанын сұрағанымызда бұл киімдердің егесі өзі екенін, келіні Перизат Дуанқызымен бірге бірі кескінін жасаса, енді бірі тігетінін айтты. Мұндай тапсырыстарды аудандағы барлық балабақшадан алып тұратынын, тіпті жақында Жаңа жыл мерекесіне арнап, аудандық оқушылар үйі жанына құрылған «Жадыра» атты жас бишілер тобына киім тігіп бергенін, сонымен қатар, қазақтың әз Наурыз және халықаралық 8 нау­рыз мерекесінде би билеу үшін балабақшалар мен жеке тұрғындардан тапсырыс түсіп жатқанын тілге тиек етті.
– Елбасы бұл жылды «Жастар жылы» деп белгіледі.Мелекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген көшбасының жастарға деген қамқорлығының арқасында елімізде жастарға үлкен қолдау көрсетуге байланысты жобалар ұйымдастырылуда. Сонымен бірге, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев биыл да Сыр елінде кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялады. Мұны мен неге айтып отырмын? Әрине, мемлекеттің басты мақсаты – жастарды кәсіпке тарту арқылы жұмыссыздықты жою, жастарға мүмкіндігінше қоғамнан өз орнын табуға көмектесу. Осы ретте, мен жастарға осындай қамқорлық қолын созып отырған мемлекеттен өз несібесін алуға жұмыс істеуге шақырамын. Алға қойған мақсатына жетуіне тілекшімін. Әрбір адам өз арманына тер төге еткен еңбекпен жететіне сенемін. Мақсат биікке жетелейді. Бұл – айқын, – дейді жас та болса өз ісінің шебері атанған Салтанат Жалғасбекқызы.
Н.Жанәділов
28 ақпан 2019 ж. 1 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031