» » Сыр бойының халқы жеңілдетілген ипотекамен баспана алуға үміт артып отыр

Сыр бойының халқы жеңілдетілген ипотекамен баспана алуға үміт артып отыр

Қызылорда облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 42 тұрғын үй салынып жатыр, деп "24kz".

Оның бірнешеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында жаңа баспана алу шарттары айтарлықтай жеңілдегені белгілі. Содан болар бүгінде банкте қаржы жинақтап қамданғандар қатары арта түскен.
Анар Рахманбергенова Қызылорда қаласындағы №4 мектептің мұғалімі. Жақында тұрмыс құрды. Енді жас отбасы үйлі болуды армандайды. Сондықтан ай сайын еңбекақысының бір бөлігін дипозитке салады. Оның ендігі үімті «7-20-25» бағдарламасы арқылы жаңа баспана сатып алу.
Анар Рахманбергенова, қала тұрғыны:
– Бұрын осы тұрғын үй алу үшін біз 30 пайызын жинақтауымыз керек еді. Енді қазір 20 пайызға төмендеп отыр. Кредиттің құтылатын мерзімі 25 жылға дейін ұзартылып отыр. Қарапайым халыққа өте жақсы жеңілдіктер болып отыр.
Сыр өңірінде тұрғын үйге сұраныс соңғы жылдары арта түскенін байқауға болады. Мәселен, 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса өткен жылы бұл көрсеткіш 612 мың шаршы метрді құрады. Яғни 2 еседен де жоғары. Жалпы соңғы 5 жылда Қызылордада 7 мың пәтер пайдалануға берілген. Ал биыл 1664 пәтерлі 42 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Арнұр Нұрмағанбетов, облыстық сәулет және құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
– Бұл жерде сатып алу құқысыз жалға берілетін тұрғын үйлер бар, ол кезектегі азаматтарға беріледі, тегін. Сосын кредиттік үйлер бар, жеңіл пайызды несиемен алатын. Сосын жеке құрылыс салушылармен жүргізіліп жатқан көп қабатты үйлер бар. Олар да жеңілдік пайызбен Елбасының тапсырмасына байланысты жаңағы бағдарламаның аясында іске асырылатын болады.
Тұрғын үй құрылысы Жаңақорған, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласында да жүруде. Мәселен, биыл Қазалы ауданында 108 отбасына жаңа пәтер табыстау жоспарда бар. Жалпы облыс бойынша бүгінде пәтер кезегіндегі тұрғындар саны 26 мыңнан асып отыр.

14 мамыр 2018 ж. 1 097 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 23:02
Amoxicillin High Amoxicillin Adverse Events Vente Cialis 10 cialis 5 mg Cialis Le Moin Cher Cialis Quel Dosage

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930