» » «Орда» бағдарламасы кімге баспана сыйлайды?

«Орда» бағдарламасы кімге баспана сыйлайды?

   «Өз үйім, өлең төсегім» деп Жиренше шешен айтқандай, баспана мәселесі басты тақырып болып тұр. Қарқынды құрылыс алаңына айналған облыс аумағында биылдан бастап, «Орда» тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл туралы алғаш рет аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихаттың кезекті XVII сессиясында айтқан еді. Қазір жүйелі жұмыс басталып та кетті. Бағдарлама кімнің баспаналы болуына мүмкіндік береді? Мәселенің жай-жапсарын зерделеп көрдік.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің берген мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың алғашқы 10 айынд  а 33 мыңнан астам қазақстандық отбасы аталған банктің көмегімен баспана жағдайын жақсартқан екен. Бұл мерзім ішінде берілген несие көлемі 226 млрд. теңгені құрап отыр. Өңірімізде өткен жылы 612 мың шаршы метрден артық баспана қолданысқа берілсе, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге артты.  Облыс тұрғындарының өз қаржысымен баспана тұрғызуы 18 пайызға өскен. Соның нәтижесінде, қаладағы апатты үйлердің мәселесі толығымен шешілді. Дегенмен, үй кезегіндегілер саны азаймады. Баспана кезегінде тұрған тұрғандардың сұранысын шешуде аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасы  халыққа жол тартты. Бұл бағдарламаның мақсаты қандай? Оған кімдер қатыса алады және бастапқы үй алу үшін қандай талаптар орындалуы керек? Тұрғындарды ойландырған осы сауалдарға толыққанды түсінік беріп өтсек. Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету – «Орда» тұрғын үй құрылысы Жол картасының негізгі мақсаты. Бағдарлама бойынша қатысушыларға тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» алғашқы жарнасын жинап беруге мүмкіндігі келмейтін тұрғындар, жаңа үйге қоныстанып алғаннан кейін банк шартын орындауға мүмкіндік алады. Жол картасына қатысушылар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жариялаған пулдарға қатысу үшін алдын ала өтінім береді. Ұсынылған өтінімдер бойынша «ҚТҚЖБ» АҚ қатысушыларға іріктеу жүргізіледі. Содан кейін іріктеуден өткен қатысушылардың тізімін жинақтап, қала немесе аудан әкімдіктеріне ұсынады. Ал, өз кезегінде әкімдіктер іріктеуден өткен қатысушылармен 8 жыл мерзімге тұрғын үйді жалға алуға шарт жасасады. Бұл кезеңде бағдарламаға қатысушы тұрғын үй жинақ жүйесінде тұрғын үй құнынан 50 пайыз алғашқы жарнаны жинаған жалға алушылар тұрғын үйді сатып алу мақсатында 11 жыл мерзімге банктен несие алу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға өтініш беріп, өздері тұрып жатқан елді мекен әкімдігімен тұрғын үйді сатып алу шартын жасасады. Өткізілген тұрғын үйлерден түскен қаржыны аталған банк қала немесе аудан әкімдіктеріне аударады, және өз кезегінде әкімдік тиісті қаржыны бюджеттік кредитті өтеуі үшін облыстық бюджетке қайтарылады,- деді  облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов.
Тұрғын үйге қатысушыларды екі топқа бөліп қарастырған. І-топқа – жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері кіреді. Ал, ІІ топқа – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған отбасылар, балалары бар отбасылар, сондай-ақ жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір, тұл қалған ата-ананың біреуі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар қамтыды. Тұрғын үй алушының ҚР азаматтығы немесе оралман мәртебесі болуы шарт. Үміткер міндетті түрде сол үй орналасқан елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Келесі кезекте «Орда» Жол картасына қатысушының және бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сонымен қатар отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің ҚР аумағында сатып алу құқығы мен жалдамалы үйінің немесе меншігіндегі үйінің болмауы қажет. Және міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті табыстарымен растауы тиіс.
Осылайша басты мұңы баспана болған жандар жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы көмегімен пәтерге қол жеткізе алады. Елбасымыздың сындарлы саясаты мен тәуелсіз елдің тұрақтылығының арқасында өміршең бағдарламалардың барлығы да халық үшін игілігі зор. Сондықтан-да, берілген мүмкіндікті тиімді пайдалану әрбір азаматтың өз қолында екенін естен шығармаған абзал.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
10 сәуір 2018 ж. 2 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031