» » Оқушылармен жүздесті

Оқушылармен жүздесті




Мамандық таңдау – адам болашағы үшін өте жауапкершілікті және маңызды іс. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.
 Осыған орай  Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектепте «Жетістікке жетелейтін мамандық»  тақырыбында кездесу кеші өтті. Жиынды ұйымдастыруға "Алаш ұландары" қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Сонымен қатар мектеп директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Жанат Башенова шараның жақсы өтуіне ат салысты .
Дөңгелек үстелге 9-10 сынып оқушылары мен бірге бір топ жас депутаттар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Пікір алаңын жүргізген Венера Алмабекқызы келген қонақтар мен оқушыларды біріктіре отырып, топқа бөлу арқылы әр түрлі тақырыпта сайыс ұйымдастырды. Мамандық таңдау туралы сауалдар жүргізіліп, тұшымды жауаптар ортада сараланды. Әр топ мүшелері жеке пікірін білдірсе, бірі қазіргі ІТ маманы сұранысқа өте ие екенін алға тартты. 9-сыныптан кейін оқуға түсем деушілерге аграрлы-техникалық колледжінің оқытушысы Азиз Дүкенбайұлы өмірге қажетті, кәсіпорын сұранысына сай түрлі мамандық бойынша оқуға шақырды.
– Мамандық таңдау – маңызды қадам. Сол себептен әрбір жас, мамандық таңдар алдында ақылмен, ата-ананың келісімімен жасағыны дұрыс. Бүгін дүрыс таңдалмаған маман, ертең жұмыссыздар қатарын көбейтері анық. Осы ретте мамандық таңдауда бірнеше кеңес бергім келеді. Ең алдымен таңдау жасауда нарықты зерттеу керек. Екіншіден, әр адам өзінің қабілет-қарымына, икеміне қарай мамандық таңдау қажет деп білемін. Қазіргі күні әлем бойынша миллиондаған мамандық бар. Өмір ағымына қарай бірнеше мамандық пайда болып, сәйкесінше бірнеше мамандық жоғалып кетуде. Мәселен қазіргі ІТ технологияның жылдам дамуынан, робототехниканың өмірімізге дендеп енуінен болашақта кассир, оператор, секілді мамандар қажет болмай қалады, – деді Азиз Дүкенбай.
Шараның мәресін мектеп директоры Бақытбек Алмағанбетов қорытындылап, болашақ маман иелеріне сәтті қадам тілеп, осындай игі шаралардың мұнанда жоғары өтуіне дем беретінін айтты.
Ж.Аймауытов айтқандай: «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, Абай атамыздың «болмасаңда ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз» дегендей алға қойған арман мақсатымызға жетіп, үлкен маман иесі болайық.

                                                                                            Ерсін СӘДУҰЛЫ
                                                                                            «Қармақшы таңы»                                                                                                                                                                                                                
24 сәуір 2019 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 086

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031