ТЫНЫМСЫЗ ІЗДЕНІСТІҢ ЖЕМІСІ
Жаңа технологияларды қолдану сот жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Мемлекет басшысының Ұлт жоспарында да, республика судьяларының VII съезінде де сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, ашықтық, жариялықты қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялардың қолданасын кеңейтуге тапсырма берілген еді. Көпшілік сенімінен шыққан жобаның бірі – «Сот кабинеті» электрондық сервисі.
2014 жылдан бастап қолданысқа енгізілген бұл қызметті де жұртшылықтың бірден қабылдай қоймағаны рас. «Сот кабинеті» арқылы арыз-шағым берудің реті қанша тәптіштеп түсіндірілсе де кейбір азаматтар жаңа жобаға сенімсіздік танытты.
Алайда, заманауи технологиялардың жетістігін тұрақты насихаттаудың нәтижесінде «Сот кабинеті» сервисі қазір ең көп қолданылатын, халық сенетін жобалардың біріне айналды. Қаншама түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы сервиспен жұмыс істеу жолдары іс жүзінде көрсетілді. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында «Сот кабинетін» насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
«Сот кабинетін» қолдану қиындық тудырмайды. Сервис арқылы әрбір азамат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен немесе кеңсесінен шықпастан интернет желесі арқылы арыз-шағым немесе наразылықты электрондық түрде жолдай алады.Сонымен қатар, бұл сервис азаматтарға мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжатын, сондай-ақ істің орындалуы деңгейін көру және сот актісін басып шығару, процессуалдық мерзімдерді қадағалау секілді көп мүмкіндікті ұсынады. Ол үшін азаматтардың арнайы электронды цифрлы қолтаңбаны иеленіп, интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етілсе болғаны.
2017 жылдың статистикалық мәліметіне сүйенер болсақ, аудандық соттың «Сот кабинеті» сервисі арқылы 695 азаматтық іс түсіп, көрсеткіш 100 пайызды құраған. Бұл «Сот кабинеті» сервисінің халық үшін тиімділігінің айғағы ментынымсыз ізденістің жемісі.
Аида МЫРЗАҒҰЛОВА,
аудандық соттың бас маманы.