» » «Сот кабинеті»- тынымсыз ізденістің жемісі

«Сот кабинеті»- тынымсыз ізденістің жемісі


Жаңа технологияларды қолдану сот жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Заманауи құрылғыларды қолданудағы алғашқы нәтижелердің дұрыстығы ескерілгендіктен, мемлекет басшысының ұлт жоспарында да, республика судьяларының 7 съезінде де сот төрелігіне қолжетімділікті арттыру, ашықтық, жариялықты қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялардың қолданасын кеңейтуге тапсырма берілген болатын. Көпшілік сенімінен шыққан жобаның бірі - «Сот кабинеті» электрондық сервисі.
2014 жылдан бастап, қолданысқа енгізілген бұл қызметті де жұртшылықтың бірден қабылдай қоймағаны рас. «Сот кабинеті» арқылы арыз-шағым берудің реті қанша тәптіштеп түсіндірілсе де, кейбір азаматтар жаңа жобаға сенімсіздік танытты. Алайда, заманауи технологиялардың жетістігін тұрақты насихаттаудың нәтежесінде «Сот кабинеті» сервисі қазір ең көп қолданылатын, халық сенетін жобалардың біріне айналды. Қаншама түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына арнайы барып сервиспен жұмыс істеу жолдары іс жүзінде көрсетілді. Бұған қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында «Сот кабинетін» насихаттау жұмыстары жүргізіліп түрады.
«Сот кабинетін» қолдану қиындық тудырмайды. Сервис арқылы әрбір азамат өзіне қолайлы кез келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды /өтінішті/ шағым немесе наразылықты электрондық түрде жолдай алады. Сонымен қатар, бұл сервис азаматтарға мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеу, сот құжатын, сондай-ақ, істің орындалуы деңгейін көру және сот актісін басып шығару, процессуалдық мерзімдерді қадағалау секілді көп мүмкіндікті ұсынады. Ол үшін азаматтардың арнайы электронды цифрлы қолтаңбаны иеленіп, интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етілсе болғаны.
2017 жылдың Статистика мәліметіне сүйенсек, Қармақшы аудандық сотына «Сот кабинеті» сервисі арқылы 695 азаматтық іс түскен. Уақыт өткен сайын «Сот кабинетін» пайдаланушылар қатары өсіп келеді. Ең бастысы, «Сот кабинетін» қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінген адамдардың да уақыты мен қаржысын, бюджет қаржысын үнемдеуге зор ықпалын тигізіп отыр.
Аида Мырзағұлова, Қармақшы аудандық сотының бас маманы, заңгер одағының мүшесі.
19 қаңтар 2018 ж. 1 165 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 16:35
Buy Zithromax 500mg cialis canada 500 Milligrams Of Amoxicillin And Elderly Hives Infant Reaction Side Effect Amoxicillin buy roche accutane online uk

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031