» » Тұлғалардың өтініштері сапалы қаралуы қажет

Тұлғалардың өтініштері сапалы қаралуы қажет

Құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанда азаматтардың еркін де тыныш өмір сүруі, олардың заң­ды құқықтарының сақталуы мен қорғалуы, қоғамда заң үстемдігін орнату – мемлекетіміздің басты айынымас бағдары.
Конституциядан бастау алатын елі­мізде барлық қабылданатын норма­тивтік-құқықтық акті халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен азаматтардың құқығын қорғауға бағытталуда. Осыған дәлел ретінде 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақ­стан Республикасының Заңы (ары қарай - Заң) деп айтуға болады. Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға және қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Осы орайда, саладағы заңдылықты қа­дағалау ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық орган­дарының қызметіндегі басым ба­ғыттарының бірі болып келеді.
Атап айтқанда, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен 2018 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде 68 мемлекеттік орган­дардың тұлғалар өтініштері туралы статис­тикалық есептері автоматты түрде қалыптастырылды.
Сонымен қатар, өткен жылы Басқармамен мемлекеттік органдарда жүргізілген тексерулер мен мони­торингтердің нәтижелері бойынша анық­талған заң бұзушылықтарға байланысты қолданылған прокурорлық қа­дағалау актілерінің негізінде жауапты қыз­мет­керлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұған қоса, Басқарманың бастамасымен мемлекеттік органдарда оқыту сабақтары ұдайы өткізіліп, онда қызметкерлердің білім­­дерін жетілдіруге, тәжірибелік және ме­тодикалық көмектер көрсетіліп отырады.
Осы атқарылған жұмыстардың нәти­жесінде 2018 жылдың қоры­тындысымен қалыптастырылған статисти­калық есепте мерзімі бұзылып қаралған өтініштер, есепті мерзімнің аяғына қалдықта қалған өтініштер және қайталама түскен өтініштер саны едәуір азайғаны байқалады.
Мемлекет пен азамат арасында тығыз қарым-қатынас орнатып, азаматтардың мем­­лекеттік органдарға деген сенімін арт­тыруға жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.
Оның тиімділігі азаматтарға мемле­кеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметі сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Сондықтан, тұлғалардың өтініштерін қарауда әуре-сарсаңға салып, мемлекеттік органдар арасында сандалтуды азайту, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жауапты қызметкерлердің жеке жауапкершіліктерін арттырып, оған мемлекеттік органдар басшылары тарапынан бақылауды күшейтуге басты назар аудару қажет.

Е.ЖУКАШЕВ,
ҚР Бас прокуратурасы
ҚСжАЕК-нің Қызылорда облысы
бойынша Басқармасының аға
прокуроры.
08 сәуір 2019 ж. 930 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031