» » Жемқорлықпен күрес-қоғам талабы

Жемқорлықпен күрес-қоғам талабы


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жолын кесуге, сондай-ақ халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Жоғарыда аталған Заң талаптарына сай «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» кмм-нің Қармақшы аудандық филиалылында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алуға бағытталған ұзақ мерзімді және үстіміздегі жылға арналған іс-шаралары бекітіліп, ол жүзеге асырылуда.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, оның алдын алу және қызметкерлердің біліктілігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ҚР Президенті ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақтан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауы негізінде 2019 жылы 28 қаңтарда «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Қармақшы аудандық бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Қармақшы аудандық сотының мамандары қатысты. Дөңгелек үстелде заңдарды талқылап, сыбайлас жемқорлық алдын алу туралы пікірлер алмасты және Елбасының жолдауда айтылған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн екені айтылды.
Мекемеде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2-21-88 нөмірлі Сенім телефоны орнатылған.
Сонымен қатар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы талаптарына сай жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерге тиісті Заңдылықтар мен Нұсқау, Ереже талаптарына сай жауаптар беріліп отырылады.
Әрбір азамат жемқорлықтың өршуіне қарсы күрес жүргізуі тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған ауқымды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.


«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» кмм-нің
Қармақшы аудандық филиалының архивисті А.Мешітбаева
19 наурыз 2019 ж. 929 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031