» » ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шараларына қа­тысты «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Аталған іс-шара жоспарында белгі­ленген тиісті жұмыстар мерзімінде ат­қа­рылып, қамтамасыз етілуде. Сыбай­лас жемқорлық сипатындағы құқық бұзу­шылықтарды болдырмау және оның алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сау­аттылығын арттыру мақсатында кес­теге сәйкес құқықтық оқулар жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Жосалы кенті көшелерінің бойына билбордтар ілініп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақ­са­тында сыбайлас жемқорлыққа қар­сы мәдениет деңгейін арттыру барысында арнайы әзірленген жадынамалар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға және сауда орындарына орналастырылды. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне жағдай туғызатын іс-әрекеттерді болдырмау үшін ұжым қызметкерлері арасында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қаты­суымен дөңгелек үстел өткізілуде.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініш­те­рін қарау барысында құқықтық қаты­нас­тардың негізгі принциптерінің сақта­луын қамтамасыз ету, оның ішінде өті­ніш­тер­ді қабылдау, тіркеу және есепке алу рә­сімдеріне және жауап хаттардың мер­зі­мінде жолдануына үнемі назар аударылады.
2018 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша 343 өтініш түскен. Аталған өтініштердің 333-іне Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 санды Заңында көрсетілген мерзім ішінде тиісті жауаптар берілді, ал 10 өтініш Заңда көрсетілген мерзімде бақылауға алынған.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі лауазымды тұлғалар қызметінің өтініш­терді қарау кезіндегі ашықтығы қамтамасыз етілген, қабылдау кестесіне сәйкес «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 санды Заңының 13-бабына сәй­кес, жеке және заңды тұлғалардың өкіл­дерін жеке қабылдауды жүргізу ұйым­дастырылған.
Жосалы кенті әкімі мен орынба­сар­ларының азаматтарды жеке қабылдау туралы ақпараттары (қабылдау кестелері, мер­зімі, өтетін орны және т.б) «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурстары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар назарына жеткізілген.
Сонымен қатар, мекеменің бірінші қабатында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған. Аталған жәшік құрылған комиссия арқылы тексеріліп тұрады.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың I-жартыжылдығының қоры­­тын­дысы бойынша мемлекеттік қыз­метшілердің этикасын бақылау кітабына және сенім телефонына мәліметтер келіп түспеген.
Сонымен бірге, өрескел тәртіп бұ­зып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауап­кершілікке тартылған қызметкерлер болмаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V санды Заңында көрсетілген талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету барысында ұжым қызметкерлері өздеріне жүктелген функционалдық мін­дет­терін адал әрі әділ орындау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Шыңғыс СЫДЫҚОВ,
Жосалы кентінің әкімі.
17 тамыз 2018 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031