» » ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІ ҚҰРТЫМЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу шараларына қатысты «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді.
Аталған іс-шара жоспарында белгіленген тиісті жұмыстар мерзімінде атқарылып, қамтамасыз етілуде. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кестеге сәйкес құқықтық оқулар жүргізіліп келеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында Жосалы кенті көшелерінің бойына билбордтар ілініп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру барысында арнайы әзірленген жадынамалар халықтар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға және сауда орындарына орналастырылды. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне жағдай туғызатын іс- әрекеттерді болдырмау үшін ұжым қызметкерлері арасында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысында құқықтық қатынастардың негізгі принциптерінің сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде өтініштердің қабылдау, тіркеу және есепке алу рәсімдеріне және жауап хаттардың мерзімінде жолдануына үнемі аса назар аударылып келеді.
2018 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша 343 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштердің 333-не Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 санды Заңында көрсетілген мерзім ішінде тиісті жауаптар берілді, ал 10 өтініштер Заңда көрсетілген мерзімде бақылау алынған.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі лауазымды тұлғалар қызметінің өтініштерді қарау кезіндегі ашықтығы қамтамасыз етілген, қабылдау кестесіне сәйкес «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 санды Заңының 13-бабына сәйкес, Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізу ұйымдастырылған.
Жосалы кенті әкімі мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау туралы ақпараттары (қабылдау кестелері, мерзімі, өтетін орны және т.б) «Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет-ресурстары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың назарына жеткізілген.
Сонымен қатар, мекеменің бірінші қабатында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған арнайы жәшік орнатылған. Аталған жәшік құрылған комиссия арқылы тексеріліп тұрады.
«Жосалы кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың I-жартыжылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің этикасын бақылау кітабына және сенім телефонына мәліметтер келіп түспеген.
Сонымен бірге, өрескел тәртіп бұзып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болмаған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V санды Заңында көрсетілген талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету барысында, ұжым қызметкерлеріне өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін адал әрі әділ түрде орындау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Шыңғыс Сыдықов,
Жосалы кентінің әкімі.
11 тамыз 2018 ж. 1 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031