» » Бәле деген Вконтактеде толып жүр

Бәле деген Вконтактеде толып жүр

Таң. Сағат тілі 4.20-ны көр­сетіп тұр. Қорқыныштан тісі сақұр-сұтыр еткен Жанна оң қолына сурет сала бастады. Қаламмен емес түйреуішпен. Нәзік қолынан тамшылай аққан қан оған әсер ете қой­мады. Себебі 49-шы миссия­сын аяқтауы керек еді. Дене­сінің қалшылдағанына қа­ра­мастан ол қалтафонын қолына алды. Әлгі қанды бейнені суретке түсіріп, «оған» жіберді. Иә, бұл сол кездері «хит» болған – «Синий кит» ойыны еді.
Бұл ойын жалпы елу тапсырмадан тұрады. Ең соңғысы – өз-өзіне қол жұмсау. Әйтпегенде, қорқытып-үркітеді-мыс. Бұл ойын жақын жылдары өрмекшінің өрме­гіндей тарай бастады. Оған қатысқаны да, ойыннан от шығып, суицидке бар­ғандарының да қарасы қалың еді. Ойын елімізді айналып өте қоймады. Бірінен соң бірі түрлі әрекентке бара бастады. Бұған не себеп? Бұл бізге қалай жетті? Айтпағымыз «көк кит» емес, осындай ойынды таратушы әлеуметтік желі Вконтакте жайында болмақ. Себебі өзіне қол салғандардың соңғы хабарламасын тексергенде осы желідегі хаттарынан күмән келген. Бір қызығы бұл әлеуметтік желіні қолданушылардың дені – жасөспірімдер.
Әрине, бізге тауарды сату немесе арзанға сатып алу үшін Вконтактедегі ОЛХ тобы көмекке келеді. Мұнда оңай әрі тиімді сауда-саттық жасауға мүмкіндік бар. Қолданылу аясы да жеңіл. Сондай-ақ, жаныңызға жақын телехикаяның жалғасын көргіңіз келсе арнайы топқа кіріп, барлық нұсқаларын көре аласыз. Мағыналы әңгімелер, қызықты посттар мен қыз-келіншектердің сыры да осында ақтарылады. Бірақ бәрі біз ойлағандай «әдемі» емес. Жақсы болған жерде жаманның да қатар жүрері анық. Олай дейтініміз бұл желі қауіптің ордасына айналғандай. Мәселен, іздеу батырмасын «Дін» деп терсеңіз осыған қатысты 200-ден аса топты тізбектеп береді. Бұған бей-жай қарамаған дінтанушы-ғалымдар осы атаулы топтарды мұқият зерделей отырып, 80-ге жуығын ғана дұрыс ақпараттандырылған деген шешімге келді. Анау бір жылдары Ақтөбедегі террорлық атыс орын алған болатын. Ал мұны ұйымдастырған топтың мүшелерінің көбі Вконтактеге тіркелген болып шықты. Олар «осыннан» діни алауыздықты насихаттай отырып, бейнежазбаларын да таратқан. Ресейдің «Аппарат» басылымының жазуынша ИГИЛ содырлары Вконтактені негізгі әлеуметтік желі ретінде таңдаған. Яки, күмәнді діни топтар өз идеологиясын қымсынбай-ақ жүргізіп отыр дегенге толық негіз бар. Мұнан бөлек ұятсыз топтар, ұятсыз жарнамалар, өлімге жетелейтін жазбалар жазылады. Бейнебаяндар, түрлі жағымсыз суреттер жарияланады. Оның арасында ақшаны көздеген алаяқтар да табылады. Қош. Қай бір жылдары Ресейлік «Новая газета» өзіне-өзі қол жұмсаған 130 жастың Вконтактедегі аккаунтын зерттеп, барлығы да бір топта болғанын анықтаған. Сорақысы бұл топты ашқан небәрі 13 жастағы қыз екен. Одан себебін сұрағанда, ол қымсынбастан «қызық үшін» деп жауап беріпті.
Осы тақырыпта қалам тербеген журналистер де аз емес. Қоғам да екіге бөлінді. Бірі – бұғаттауды талап етсе, енді бірі – нағыз ақпарат құралы деп таныды. Негізінде Вконтакте әлеуметтік желісін бұғаттау қажет пе? Сіз не дейсіз?
P.s
«Facebook» әлеуметтік желісі мен «Youtube» арнасының Түркия аймағында таралуына Президент Реджеп Эрдоған тыйым салды. Мұны басшы «Әр жарияланған ақпараттың артында кім тұрғанын халық біле бермейді. Мұны түсінген оппозиция өкілдері әлеуметтік желілерді билікке қарсы шабуыл жасауда ұтымды пайдалануда» деп түсіндірген болатын. Көп ұзамай Қытай билігі де «Facebook», «Twitter», «Instagram» және «Youtube» әлеуметтік желілеріне шектеу қойды. Сондай-ақ, бұл Ресей мен АҚШ-та да қатаң қадағалануда. Ал бізде ше? Вконтактені бұғаттауға болмас па?
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 сәуір 2019 ж. 713 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 058

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031