» » САПАРДАҒЫ САУДА

САПАРДАҒЫ САУДА

Қазақ қашанда қонақжай қалпынан танбаған. Қонақшылдығымыз бір бөлек. Шақырған жерден қалмай, ағайын-туыстың қызықшылығына ортақтасу қанымызға сіңген қасиет. Той-думан десе Қазақстанның о шетінен бұ шетіне дейін жолаушылап кете береміз. Мұндайда жүрдек пойызға мініп алып, ауылдың құрт-майын ала дорбамызға салып, қойнымызға кітап пен газетті қыстырып жолға шығамыз.
Отарбаға мінгенде бірден жолсерігімізді әңгімеге тартып, азын-аулақ жол қыстартатын жайымыз тағы бар. Жақында мен де әкемнің туған күні деп ауылға барып қайтқан едім. Әдеттегідей ауылдан қайтарда жолаушылар пойызына билет алып түрлі қызықтардың куәсі болдым. Жанымдағы жолсеріктеріммен әңгіме өрбітіп отырғанымызда сөзімізді «балалар киімі, жүн нəски, құрқылтайдың ұясы» деп басталатын саудагерлердің базары еріксіз үзіп жіберді. Көптен осы тақырыпта жазсам деп жүр едім. Осы жолы сәті түскендей.
Жалпы жолаушылар пойызындағы сауда базары жайында не айта аламыз? Бүгін осы сұрақ төңірегінде əңгіме өрбітіп көрелік. Иə, сауда деген жақсы дүние. Көзін тапқанға керемет кәсіп. Дегенмен бұл кәсіппен айналысатындарға сапасыз тауар мен жалған сөзден аулақ болған абзал. Базарға шығып сауда жасауға жағдайы келмей, пойызда азын-аулақ заттарды сатып, тиын құрап жүрген саудагерлерді де еш сөге алмаймыз. Бүгінгі қоғамда күн көру оңай болмай тұр. Бұрынғыдай емес, бағалар да қымбатырақ. Соған сай бала-шағаның ішер асы мен киер киіміне ақша табу да жеңіл емес. Жұмысқа орналасу да қиын.
Бірін айтып, біріне кетіп жатырмыз ғой. Тақырыпқа оралайық. Сапардағы саудада сіз бəрін кезіктіресіз. Түркістанның киім-кешегі мен тəтті пəтір наны, Шиелінің күріші мен қауын-қарбызы, Қазалының тіл үйірер кəмпиті айта берсең көп енді. Əр стансадан түсіп алып сауда жүргіземіз.
Отарба ішінде сауда базарында не керегіңнің бəрі табылады. Ойыншықтар, қалта қуаттағыш, тіпті ұялы телефонға дейін бар. Кішігірім базар дерсің. Бір қызығы, мұнда сіз өзіңіз жағалап зат қарамайсыз, керісінше сізге саудагерлер өзі келіп, заттарын жарнамалайды.
Дорба асынған саудагерлерден вагон ішінде еріксіз жүріп тұра алмайсың, олардың дауысынан тіпті тыныш ұйқы да жоқ. Саудагерлерден алған заттарың да көпшілігі кейін пайдаға жарамай қалып жатады. «Арзанның сорпасы татымайдының» кебі. Осыдан бірнеше жыл бұрын сөйлей алмайтын мылқау саудагерлер көп еді. Қолдарында түрлі кітабы мен газет-журналдары бар. Ал кейбірі шағын мәтіні жазылған қағаз бен қаламды жаныңызға қойып кетеді. Бастапқыда сол қағазды алып оқып, заттарын алып жататын. Бұл жолы әлгі қағазды оқып, зат алып жатқан адамды байқамадым. Сірә, бұған қалың көпшілік күмәнмен қараса керек. Күмәнмен қарайтынымыздың да өзіндік себебі бар. Кейбірінің осындай жалған әрекеттерге барып жүргенін көзіміз талай көріп жүр. Күнделікті өмірден де кезіктіріп жатамыз.
Не де болса, адалынан болғаны жақсы. Әсіресе, саудада. Адалдықтан айнымайық, ағайын!
Ақнұр САҒЫНТАЙ.
02 ақпан 2018 ж. 1 699 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031