» » Атастырудың артық-кемі бар ма?

Атастырудың артық-кемі бар ма?

Арман мен Мәрияның ата-анасы бір-біріне жақын, араларынан қыл өтпес­тей сыйлас дос. Үнемі бір-бірінің жақсылығын асырып, жамандығын жасырып жүрген адал достар перзент сүйместен бұрын «қай-қайсымыз ұлды не қызды болсақ, құда боламыз» деп келіскен. Жаратқан тілектерін қабыл етіп, екі отбасының бірінің тұңғышы ұл, екіншісінде қыз болады. Әуелдегі келісім уәдеге ұласып, бесікте жатқан жерінен салт бойынша атастырылады. Жігіттің ата-анасы құдалықтың жөн-жоралғысын жасайды. «Екі бала бір-біріне жақын өссін» деген ниетпен оларды кішкентайынан бір мектепке береді. Бүгінде Арман мен Мәрияның екі ұл, екі қызы бар, көпке үлгі отбасы. Бұл мен білетін атастыру жолымен үйленген жалғыз отбасы. Мұндай отбасылар бар. Бірақ, тым аз.
Қазақта көнеден көсегесі сөгілмей келе жатқан бір сөз бар. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді. Мұның төркініне үңілсек қазақтың құдаласу, атастыру дәстүріне барып тіреледі. Иә, ертеректе “он үште отау иесі” деп бала оң-солын білместен үйлендіріп, оған таңдау еркіндігін бермеген. Осылайша ата-анасының қалауымен үйленген. Иә, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп жатамыз. Сол тозығының қатарына атастыру дәстүрі де кірген бе деп қаласыз. Рас, мұны ескілік деп қарайды көп жас. Себебі, олардың бүгінгі көзқарасы да, талабы да бөлек. Өз таңдауым, өз қалауым, өз өмірім дегендей.Үлкенге құлақ асар жас аз. Ақыл айтар аға буын да «жастардың өз еркі» дегенге басады. Дегенмен, үй болу мәселесіне келгенде біз үлкен ақылынан гөрі жүрек қалауын жоғары қоямыз. Артынан отбасылық қиындық болғанда «ата-анамның тілін алмағаным дұрыс болмады» деп сан соғатынымыз бар емес пе?!
Халқымыз ұлының үйленіп үй болып, қызының барған жеріне тастай батып, судай сіңуіне асқан жауапкершілікпен қараған. «Тектен нәр алған тозбайды» деген қағидатқа сүйенген бабаларымыз келін таңдауға өте мұқият болған. Босағаны аттағалы отырған келінді болашақ ұрпағының жалғасы деп оның тәрбиесі мен өнегесіне жіті мән берген. Баласының некесі берік болуы үшін болашақ жарын өзі таңдап беретін ата-аналар да бар. Бұл қоғамға керек пе? Үлкеннің ықпалы қаншалықты дұрыс?
Тарихшы Жамбыл Артықбаевтың дерегінше, «Атастыру» сөзінің түп мағынасы «байлау» дегеннен шығады. Бұл дегеніміз – екі адамды, екі руды, екі елді бір-біріне байлау. Ағайын да жатқа айналып бара жатқан қоғамға атастыру керек пе деп қаласыз. Олай дейтініміз, жоғарыда айтқандай екі елді жақындастырып, туыстық байланысты қайта жаңғыртсақ деген ой.
Бүгінде елімізде 3 млн. сүр бойдақ бар екен. Қоғамда қазір ажырасу деген қауіп те өршіп тұр. Ажырасу бойынша әлемде 9-орындамыз. Сол себепті атастыру дәстүрі бүгінгі қоғамға қажет-ақ. Себебі, бұл отбасы құндылығын дәріптеу.
P.S. Елімізде шаңырақ көтерген отбасының 3/1 ажырасып кетеді екен. Атастыру дәстүрі қайта жаңғырса еліміздегі бойдақтар саны азайып, берік отбасылар қатары көбейсе деген тілек біздікі. “Көргенді жерден қыз алсаң, керегең кеңейеді, текті ұрпақтан қыз алсаң тұқымың асылданады” дейді дана халқымыз. Ұлдарымыз мықты, қыздарымыз текті болсын, ағайын!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
04 наурыз 2019 ж. 2 240 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031