» » БАЛА АСЫРАП АЛУҒА КӨЗҚАРАС ҚАЛАЙ?

БАЛА АСЫРАП АЛУҒА КӨЗҚАРАС ҚАЛАЙ?

Ауылда нағашы әпкем бар. Бесінші қызын өмірге әкеліп, оған Ұлданай деп ат қойды. Өзінен кейінгі інісінің бөбектері жоқ еді. Әпкемдерден сол қызды сұрап, асырап алды. Ол кезде мен 8 жастамын. Кішкентай болсам да әлі есімде. Әпкеміздің үйіне қыздар көп болған соң демалыс күндері қыдырып ойнап қайтатынбыз. Ұлданай ол кезде 3-4 айлық еді. Бір барғанымда әпкемдердің «есін білмей тұрып берейік» деген әңгімесін естіп қалдым. Інісі Ұлданайдан соң тағы бір баланы асырап алды. Көп ұзамай жеңгеміз де құрсақ көтеріп өмірге сәби әкелді. Әпкем мұнан соң бала көтермеді. Ұлданайдан кейін ізін ұл жалғайды деп сенген. Дегенмен бауырының тілегін өзінің тілегінен биік қойып, оның қуанышына осылай ортақтасқан еді...
Қазақтың қайсыбір салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын алсаңыз да астарында мағыналы ой жатады. Жоғарыда айта кеткеніміздей бала асырап алу да құрсақ көтермеген әйелдің сәбилі болуына септігін тигізеді. Бала асырап алу ежелден келе жатқан ғұрып. Ертеректе баласы жоқ отбасы жаттан емес, ағайын-туғанының баласын алатын болған. Мұны бауырына салу емес, "асырап алу" дейді. Бауырына басу мен асырап алу екі бөлек дүние. Бауырына салу – үйдің тұңғышы өмірге келгенде баланы ата-әже тәрбиесіне беруі. Бауырына салған бала өз ата-анасын біледі, ал асырап алған бала қайтпайды, ол – сол үйдің атын шығарып, сол шаңырақты ұстап қалады. Мұның айырмашылығы – осы.
Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Бүгінде бала асырап алатындардың қатары көбейді, заң да қатаңдады. Бала асырап алудың да өзіндік ережесі, заңдары бар. Мәселен, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, бала белгілі бір отбасыға асырап алу үшін патронаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа немесе баланы қабылдауға дайын отбасыға беріледі. Демек, кез келген ата-ана жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан немесе жақындарынан айырылған баланы отбасына қабылдайды. Асырап алушы жауапкершілікті өз мойынына алуы тиіс. Баланы қай жағынан болмасын өзінің туған балаларымен қатар қойып, оның тәрбиесіне жауапты екенін ұмытпауы қажет.
Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед былай деген: «Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам, менімен жұмақта екі саусақ сияқты көрші болады». Бірақ, жетім балаларды асырап алғанда ата-тегі бар болса, шариғат шарты бойынша оны өз атына ауыстыруға болмайды. Ислам дінінде бала сүю, сүймеу Алланың бұйрығымен болатын іс. Бұл жөнінде Құран Кәрімде былай деп айтылған: «Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қалағанын жаратады. Кімге қаласа қыз, кімге қаласа ұл береді немесе ұл мен қызды жұп-жұбымен береді. Сондай-ақ, қалағанын бедеу етеді. Күдіксіз ол, толық білуші, аса күшті» («Шұғара» сүресі, 49-50 аяттар). Олай болса, адам баласына ұрпақ сүйгізу – Алланың ісі. Ұрпақсыздық – бақытсыздық емес, Алланың сынағы.
Қалай десек те, жетімін жылатпаған қазақтың бүгінгі ұрпағының тастанды сәбилерді көбейткені, жетімдер үйінің жылдан-жылға саны артып келе жатқаны көніл қуантарлық жайт емес. Жоғарыда айта кеткендей бала асырап алу үшін де бірнеше құжат дайындап әуре-сарсаңға түсіп жатады. Міне, осы мәселе біржақты болса деген ой біздікі.
Р. S. Өзімнің жақын араласатын құрбым бар. Тұрмыс құрғалы бесінші жылға қарады. Әлі бөбектері жоқ. Өзінің бала асырап алғысы келеді. Ата-енесі де қарсы емес. Дегенмен жолдасы бұған келіспейді екен. Жуырда хабарласып, күйеуінің көнгенін, бала асырап алғанын жеткізді. «Баланың тәтті иісін айтсаңшы» деп жылап та алды. «Балалы үй базар» дегендей әр отбасында іңгәлаған сәбидің үні шықса екен дейміз. Бала – біздің бақытымыз, байлығымыз. Бақытымызды бағалайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
21 ақпан 2019 ж. 1 773 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031