» » Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?

Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз?

Айналамызда жақсы қыз-жігіт көп. Зер салсаңыз, көпшілігі теңін таппаған. Неге тұрмысқа шықпай жүрсіз деген сұраққа жартысынан көбі «Жақсы жігіт кезікпеді» деген жауап қатады. Тағдыры солай болса, оларға әңгіме жоқ. «Әр жынды өз жындысын табар». Ал бірнеше жылдан бері көңіл жарастырып жүрген жұп неке қию қадамына баса алмай жүруіне не деуге болады? Бұл сұраққа қыздар айтар жауаптарды талқылап көрейік. «Әлі дайын емеспін». Адам неше жасқа келсе де жүрек есеймейді, көңіл қартаймайды. Өзін әрдайым кішкентай, жас сезінетін қыз тулаған албырт сезіммен тұрмысқа шығып кетпесе, «дайын» болар сәтін күтіп жүргенде, жауабы «қаламаймын» деп өзгеріп кетуі ғажап емес. «Оқуым бар». Оқып жүріп те тұрмыс құрып, бірнеше баланы өмірге әкелгендер көп. Тіпті өз анаңыз да сізді не аға-әпкеңізді оқып жүргенде дүниеге әкелген болар. Емтихан кездерінде сәбилі студенттерге біраз жеңілдік жасаларын да көз көріп жүр. «Алдымда шаңырақ құрмаған ағам-әпкем бар». Кетемін деген қызды ешкім ұстамайды. Ақылы бар аға, есі бар әпке орайы келсе өзінен кейінгіге жолын береді. Оларды күтіп жүргенде қартайып қалмасыңызға кім кепіл? «Жұмыс істеп, ата-анама қаржылай көмектесуім керек». Әке-шеше қыз баланы бізді бақсын, асырасын деп өсірмейді. «Қыз мұраты – кету» деген ұлы сөздің астарында ұрпақ жалғастыру дейтін маңызды миссия жатқанын естен шығармаңыз. Қыз туған үйіне еш қарыздар емес. Керісінше, барар үйінің жапырағын жайып, өркенін өрбітуге міндетті. Мансаптық жолыңызды емес, келіндік өтіліңізді (стаж) көбейте беріңіз. Ата-ана үшін жиырма сегіз жасқа келсеңіз де, көздерінде баяғы бала бейнеңіз қалады. Оларға жолыңызды күтіп не мансап қуып, ақша тапқанға қарағанда, өз теңіңізді тауып, уақытында абыроймен қосылғаныңыз маңызды.

07 шілде 2018 ж. 1 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728