» » Қызылордада 14 баланы асырап алған отбасы тұрады

Қызылордада 14 баланы асырап алған отбасы тұрады

Ақмарал Малбағарова туған ұлы Қайраттан өзге балаларын асырап алған. Анасы жетімдер үйінде қызмет еткен. Өзі де перзентханада жұмыс істеді. Тастанды сәбилердің тағдырына уайымдаған ана өзге балаларды осылайша бауырына басқан. Олардың бәрі әр ұлт өкілі.
Отбасы алғашқыда Шәмшия мен Артем есімді өрендерді патронаттық тәрбиеге алған екен. Бұл – 2009 жыл еді. Сол жылдары елімізде патронаттық тәрбиеге бала алуға болатынын естігенде А…қмарал Малабағарова іштей қуанған еді. Өйткені, оның анасы жетімдер үйінде қызмет етті. Өзі де перзентханада жұмыс жасайтын. Онда тастанды сәбилерді көргенде қынжылатын. Осындай жағдайлар Ақмаралдың сәбилерге деген сезімін еселей түсті. 2009 жылы Шәмшия мен Артемді бауырына басса, одан кейін екі қыз баланы, содан кейін корей ұлтынан 3 ұл, 1 қызды қамқорлыққа алды.
Өзінің туған ұлы – Қайраттан кейін қайта ана атану бақыты осылайша бұйырған еді. Содан бері он жылға жуықтады. Бүгінде Қайрат, Артем, Шәмшия жоғары оқу орындарында білім алып, мамандығы бойынша қызмет жасайды. Ал Анар 10-сыныпта оқыса, одан кейінгі Настя, Карина, Виктория, Мөлдір есімді қыздары да мектеп қабырғасында жүр. Рамазан, Расул, Ислам, Никита шаңырақты шаттыққа бөлеп келеді. Егіз қозы секілді бір-бірімен тетелес Нұртас пен Мұхамед те отбасының көзқуанышы. Олар өнер, спортқа әуес. Түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып келеді.
«Балаларыма әуел бастан сабақ үлгерімі, тәртібінің жақсы болуын ескерткенмін. Оларды қазақы болмыста тәрбиелеуге көңіл бөлемін. Қыздарымның шаш қиюына қарсымын. Ұлттық дәстүрді зерделеріне тоқып келемін», – дейді Ақмарал Малбағарова.
Осылайша сан түрлі ұлт өкілдерінен құралған балалар бір шаңырақ астында өсіп келеді. Оған Бағдат пен Ақмаралдың имандылығы мен балаларға деген сүйіспеншілігі сеп болып отыр.
05 наурыз 2018 ж. 1 446 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 024

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031