» » ТЕКСІЗДІКТІҢ ТАМЫРЫ ҚАЙДА?

ТЕКСІЗДІКТІҢ ТАМЫРЫ ҚАЙДА?

– Қателестім... Жас болдым, шоқ бастым. Жүрегіммен сенген адамым жүкті екенімді естіген соң бір күнде бізді керек етпеді. Өкінгеннен не пайда? Алға жылжып өмір сүріп келеміз, – деп күрсінді Салтанат. Көзінен тамған әр бір жастан өкінішті, «апалап» жүрген ұлының көз жанарынан мұңды байқайсың. Келте ойдың жетегіне еріп, қадамын ағат басқандардың бейкүнә сәбиінің жазығы неде? Қарға тамырлы қазақ¬тың ойланатын жағдаяттары жеткілікті. Ең сорақыларының бірі  – қоғамымызда некесіз бала туудың үйреншікті, қалыпты, қысылып-қымтырылмай іске асырылатыны дағдыға айналғаны. Соның салдарынан да шата бала саны күн санап өсуде. Тастанды бала тағы бар. «Айналайын баладан, тауып алған даладан, далада бала жата ма, түсіп қалған шанадан»  – деп еркелеткен ата-әжеміздің бұл өлеңі шынға айналып барады. Кейбір жастар өзі жасаған кінәнің салдарынан, өмір есігін енді ғана ашқан сәбидің тағдырына балта шапқанына алаңдамайды да. Некесіз қосылуды шариғатта «зина» деп атайды, және оның жазасы ауыр екені ескертіледі.
 – Зинақордың ақыретте тартатын азабы өте ауыр. Фұрқан сүресінің 68, 69-аяттарында былай делінеді: «Ал кім соларды істесе ол жазаға жолығады. Қиямет күні оған деген азап еселене түседі де, ол сонда қор болған күйде мәңгілікке қалады». Тек жасаған ісінің аса үлкен күнә екенін түйсініп, қатты өкініп, шынайы тәубе жасап, ендігәрі ол күнәға қайтып оралмауға ант еткен мұсылман ғана Алланың рахымына ие болуы мүмкін. Алла Тағала ол туралы келесі аятта былай деген: «Алайда кімде-кім тәубе қылып, иман келтіріп және ізгі іс істесе, міне солардың жамандықтарын Алла жақсылықтармен алмастырады. Шынында да Алла өте кешірімді әрі аса рахымды» (Фұрқан, 70). Зина – үлкен күнә, ауыр қылмыс. Зинақорлықтың зардабының зор екені сондай оған мүлде жақындауға болмайды. Яғни, некесіз қосылуға алып баратын кез келген әрекеттен аулақ болу керек, - дейді «Ораз ахун» мешітінің имамы Н.Рахметуллаев.
Кейбір ұлт  некесіз бала тууды жат қылық, жабайы әрекет, жиіркенішті дағды деп есептеген, оның орын алуына саналы түрде қарсы болған. Мәселен, орта ғасырларда кейбір монахтар көрдемшелерді өртеп жіберу жөнінде үкім де шығарған. Өйткені, олардың танымы шата баланы «шайтанның төлі» деп таниды. Францияда некесіз бала тапқан әйелді ел азаматтығынан айырып, бір жылға соттап жіберетін пәрмен болыпты. Ал, көне түрік салтында зинадан туылған адамды әулеттің зиратына қоспай бөлек жерлеген екен. Қазақ некесіз туған баланы шеттетіп, көрдемше екенін бетіне басып, намысына тимеген. Егер әлдекім осындай әдепсіздік жасаса, ол айыпталып, жазаланған, жазықсыз жанның жүрегін жаралаған  кісі ретінде ақсақалдар талқысына түскен екен. Дегенмен, өткен қоғамда шата балаға деген іштей жақтырмаушылық болған, күдікті көзқараспен қараған. Себебі, әкесінің нақты кім екені белгісіз бейбақтың ел басына қатер төнгенде сырт айналып кетпесіне ешкім кепіл бола алмайтыны, қауымдасып өмір сүрген халықтың іштей сенімсіздігін тудырды. Жалпы қазақ елі некесіз қосылуға, құрсақ көтеруге аса қатал қараған. Сол дағды мен дәстүр бүгінге дейін қазақ қыздарының некесіз бала тууына кедергі болғанымен, соңғы жылдары шата бала тапқан қыздар ол жайында әке-шешесіне айтпай, баладан құтылуға асығуы болмаса, қашып-пысып өздері баланы өсіруіне себеп болды. Қазақта «ақырзаман боларда көрдемше көбейеді» деген тәмсіл бар. Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылы берген мәліметі бойынша, елімізде 140 ұйымда некесіз туылған 7236 бала тіркелген. Олардың 3460-ы балалар үйінде, 883-і отбасы үлгісіндегі балалар ауылында, 186-сы жеткіншектер үйінде, 173-і жетім балалар үйінде екен. Сонымен қатар 25 «Аналар үйін» 300-ге жуық ана мен бала паналап отыр. 
Ата-бабамыз кезінде қызды қырық үйден тыйып отырған. Ал қазір жағдай мүлдем өзгеше.  Бір-біріне сезімін ашықтан-ашық білдіретін бозбала мен бойжеткеннің абыройды былай қойып, баласын жетектеп некесін қидырып жатқандары да бар. «Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі» демекші, тәрбиенің жөнді берілмеуімен осындай күйге жеттік.  Дәстүрлі отбасының артықшылығын ұрпақ санасына сіңіруді күн тәртібіне енгізіп, «қасиетті қарашаңырақ» ұғымын жадымыздан өшіріп алмаудың әрекетін қазірден бастап жасағанымыз абзал. 
Айнұр ӘЛИ
20 ақпан 2018 ж. 1 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031