» » ҚАЗАҚҚА КІМ КЕРЕК?

ҚАЗАҚҚА КІМ КЕРЕК?

– Балақай, өскенде кім болғың келеді?
– Әнші...
Иә, қазір саңырауқұлақтай қаптаған әншіден көп адам жоқ. Ал осы сұраққа «мен ғалым боламын» немесе «ІТ маманы боламын» деген жауап алу қиынның қиыны. Әлгінде қызу талқыға түскен Асқар Жұмаділдаевтың «Қазіргі дамыған заманда қазаққа технократ керек» дегені осыған саяды. Тереңіне үңіліп көрелік. Расымен де, қазаққа кім керек?
Бірде бір апамыз төсек тартып ауырып қалды. «Жасым келдіге» салып, тамағынан ас өтпеді. Қысқасы өмірге деген құлшынысы жоғалды. Бөлмесінен шықпайды, теледидар көрі-і-іп жатады. «Апа-ау, Құдажолыға шақырып жатыр, барып келсеңізші» десек үндемейді. Бір күні ұлттық арнадан Димаш Құдайбергеновтың өнерін көрсетіп жатыр екен. Апамыз теледидар дауысын қатты қойып, қосылып ән шырқап отыр. Келесіде де сол әншіні тағатсыздана күтіп әлек. Жоқ. Уақыт өте келе апамыз орнынан тұрып өз-өзіне қарай бастады. Әдемі жаулығын жауып, табиғатқа серуенге шықты. Мұның сырын білмей дал болдық. Шашына ақ түсіп, әжім басқан соң бізге еркелегені ма деп те ойладық. Сөйтсек бәрі басқаша болып шықты. Әлгінде өлең айтқан Димаштың әнінен, оның орындау шеберлігінен қуат алған екен ғой. Жаны жасарып, ем алыпты. Сондағы өнердің құдыретін бағамдай беріңіз. Бірақ, бұл бүгінгі «жастардың стиліне» мүлдем қатысы жоқ. Қызыл-сарыға шашын бояп, «сырғаланғандар» аттап басқан сайын кезігеді. Биыл «Жастар жылы» деп әлекпіз. Бірақ жастар дайын ба? Бұлай «хайп» қуып жүрсе несін дайын болады? Иә, бізді мазалайтыны да осы сұрақ. Қазір күн өткен сайын даму үстіндеміз. Заман көшінен де қалмау керек. Ол үшін бізге мықты маман керек. Яғни, технократтар. Иә, бір-екі шараға робот әкеп, «түймедейді түйедей» етіп көрсетуге құмармыз. Қараңызшы, біздің елде құрастырылмай жасалатын техника шықты ма? Дайын дүниені әкеп құрастырып-құрастырып «Қазақстанда жасал­ған» деп айдар тағамыз. Сол «легоның» бөлшектері Қытай, Жапон сияқты елдерде жасалады. Тіпті Apple мен Samsung-тің бәсекелестігі күн санап өрши түсуде. Бірі – функциясын ауыс­тырды, құлаққабын тоқсыз етті, бірі – суретке түсіретін камерасын ұлғайтты. Ал, жақында ғана Samsung компаниясы буынсыз екі бүктелетін ұялы телефон құрастырып шықты. Кәнігі қалтафон, ортасынан ашсаң планшет болады. Екі бетін де қолдана аласыз. Бастысы бүк түсіп, қолын бір сілтеп жатқан жоқ. Керісінше одан әрі дамудың үстіне дамып жатыр. Біз ше? Қалып қойған жоқпыз ба? Әлгінде ғана әлеуметтік желіні шулатқан хабар тарады. Онда Марсқа қонақ үй салатынын айтты. Көше емес, қала емес, кәнігі Күннен кейінгі планета. Бірде бір ағамыз айтып еді «біз мәшине мінемін дегенше жұрт сәмәлөт мінеді» деп. Соның кері болмасақ болғаны. Әрине, бізде де «көкірегіне нан піскен» жігіттер бар. Оқыса, талаптанса, серпілсе өзгеден кенде қалмайды. «Жақсы жас­тан шығады». Идея бар. Бірақ, соны қозғау керек. Ұйқыдан ояну керек. Біз оянамын дегенше «байлығымыз» сарқылып қалмаса болғаны. Қайғының көкесі сонда болады.
P.s
Қазаққа кім керек? Әрине, шектен шықпаған өнерлі де, бос жатпаған білімді де керек. Бастысы, «Өлең – сөздің патшасын» біліп, «ақылға бірлік керегін» санаға сіңірсек болғаны.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
04 наурыз 2019 ж. 748 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031