» » Жұбаныш Жексенұлы: Келінім орыс емес итальян қызы

Жұбаныш Жексенұлы: Келінім орыс емес итальян қызы



Бірақ әнші дүбірлі тойға БАҚ өкілдерін шақырудан бас тартқан. Тұңғышы Әбілқайырдың таңдауы италиян қызы Мәриямға түсіпті. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жұлдызды қайын ата жанұясындағы жағымды  жаңалығымен бөлісті.
«Иә, келін түсірдік. Үлкен ұл үйленді. «Мәриям Жагор деген орыс қызы» – деген ән бар ғой. Сол «Дудар-ай» әнін талай жылдар айтып келе жатырмын. Осы әнді айтып жүріп ұлымның өмірінің жолында Мәриям деген қыз шығып, қазір отбасын құрды. Тойын өткіздік. Құда-құдағи болдық. Қызық болып жатыр. Итальян қызын келін қылып түсірдік. Қарсы болған жоқпын», – дейді Жұбаныш Жексенұлы.
Осы орайда Stan.kz тілшісі отандық шоу-бизнестегілердің арасында арнайы сауалнама жүргізіп көрді. Сонымен танымалдар өзге ұлттың өкілінен келін түсіруге дайын ба? Мәселен, Уәлибек Әбдірайымовтың осы уақытқа дейін екі ұлы үйлі болыпты. Актердың әлі де үйленбеген ұлдары бар.
«Егер ол келін мұсылман дінін қабылдап, біздің Мұстафа Шоқайдың үйіндегі жеңешеміз бар ғой. Сол кісі сияқты жасаса неге қолдамасқа? Ол қазақ қой. Ал, қыздарымыз өзге ұлтқа күйеуге шықса, мен қосылмаймын», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.
Ал, Жанболат пен Жазираның жалғыз ғана ұлдары бар. Қазыбек бүгінде 21 жаста. Аралас некеге жұлдызды жұп қалай қарайды?!
«Алла Тағаланың маңдайға жазғанын көреміз. Сүйіп қалса амал жоқ.(күрсініп) Бірақ кез-келген ата-ана тілейді ғой, өзімнің ұлтымның қызына үйленсе деп. Бірақ енді адамгершілігі жақсы қыз болса. Екеуі бір-бірін сүйіп тұрса, ештеңе айта алмаймыз деп ойлаймын. Бәріне көнеміз», – дейді Жазира Байырбекова.
Сондай-ақ, Тоқтар мен Бейбіт те бүгінде үш бірдей атұстарды тәрбиелеп отыр. Бірақ Сейдуәлиева болашақ келінінің қазақ қызы болғанын қалайды.
«Қазақ деген қанымызды құртқым келмейді. Таза қазақ болғанын қалаймын. Бірақ кім біледі? Құдай маңдайына жазып қойғанын көреді. Жүз рет алып қашсаң да қашып құтыла алмайсың. Мұсылман болса мен қарсы болмаймын.
Бірақ ата-ана ретінде келініміз қазақ болу керек деп ойлаймын. Қазақ қазаққа шығу керек. Қазақ қазаққа үйлену керек. Осы бастан ұлдардың миына құйып, ұғындыру керек», – дейді Бейбіт Сейдуәлиева.
14 наурыз 2018 ж. 2 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031