» » ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

Еліміз сандық технологияға қол жеткізгелі батырманы басу арқылы жұмысымызды жеңілдеттік. Мәселен, үйде отырып-ақ несие төлеуге де, ол несиені онлайн арқылы алуға да мүмкіндік бар. Ғажап па? Әрине, бастысы ауа-райының қолайсыздығы әсер етпейді. Ұзын-сонар кезекке де тұрмайсыз. Қалтафоныңыз болса болғаны. Ең бастысы бұл қызметкерді том-том болған қағазбастылықтан арылтты.

Цифрландыру – жаңа кезең. Дамудың тың өзгерісі. Әсілінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізгі төрт бағыттан тұрады. Біріншісі – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру болса, екіншіден – экономиканың, яки көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда салаларына цифр­лы технологияны енгізу. Ал, үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. Төртіншісі – IT мамандарды даярлау. Қош. Сандық технологияға бет бұрғалы нендей өзгерістер байқалады? Цифрландыру мақсаттан шығып отыр ма? Жеткен жетістігімізді бір сәтке таразылап көрейік.
Бұрын әсіресе халыққа қызмет көрсету орталығы мен банкте кезек көп, адамдар мекеменің «аузы-мұрнынан» шығып тұрушы еді. Азанда кіргеннен кешке бір-ақ шығатын күндер де болғаны жасырын емес. Бүгінде арнайы сілтеме бойынша ғаламтормен жұмыс істеуді үйренсеңіз болғаны. «Бір терезенің» маңын торуылдамай-ақ анықтама алу, баланы балабақшаға кезекке қою, ЖСН дайындау және тағы басқа қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалана аласыз. Бұл халық үшін қолайлы қызмет түрі емес пе? Ал, егер несие төлейтін уақыт келді делік. Жұмысбасты болған соң былай-былай жүру оңайға соқпайды. Не істемек керек? Бастысы шотыңызда ақшаңыз тұрса болды. Бағдарламаға кіріп, банкті таңдап ақшаны аудара беруге болады. Сондай-ақ, балабақша, оқу орындарына да сұқ саусағыңызбен шертіп отырып ақысын төлей аласыз. Ал, егер дәрігерге қаралғыңыз келсе DamuMed қосымшасына кіріп, сол дәрігерге көрінуге кезекке тұруға болады. Уақыт та тиімді жұмсалады. Сондай-ақ, жақында әр адамға жеке электрондық денсаулық сақтау паспорты тағайындалмақ. Енді науқас өзімен бірге денсаулық картасын тасып, сабылып іздемейтін болады. Емханаға қаралған жағдайда, сол күнге дейін қандай сырқатқа шалдыққаны, қандай ем алғаны туралы толық ақпарат дәрігердің қолында тұрады. Демек, электронды паспорт министрліктің бəріне ортақ платформаның құрамына кіреді. Онда әрбір науқас пен денсаулық сақтау қызметкерінің жеке кабинеті болады.
Біз қазір не үшін жұмыс істеп жүрміз? Әрине, бейнеттің зейнетін көру үшін. Оны қалай бақылай аламыз? Ай сайын зейнетақы қорына қанша түсіп тұр? Мұны білуге де бізге арнайы қосымша қажет. Қалтафонға жүктеп, қанша сома тұрғанын анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінде елдегі біршама мемлекеттік орган іс жүргізудің озық технологиясын, электронды құжат айналымын пайдаланады. Бұл игі үрдістен сот та тыс қалмай, іс жүргізуде заман ағымына сай жаңа жүйені меңгеруде. Соттармен арадағы құжат айналымы мәселесі бірте-бірте қағаздан электрондық форматқа ауыстырылды. Яки, соттарға «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі енгізілді. Мұнда іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен, сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алуға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, электрондық үкіметті дамыту шеңберінде «Ашық үкімет» модулі іске қосылды. «Ашық деректер» порталы мемлекеттік органдардың жалпыға бірдей қолжетімді деректерін автоматтандырылған түрде сақ­тауға болатын сайт іске қосылып, жұ­мысын бастап та кетті. Сонымен қатар, облыста цифрлық технологиялар басқармасы құрылды. Мақсат – сандық технологияларды нарықтық стандарттарға сәйкес дамыту.
Бұл – заманауи технологияның дамы­ған кезеңі. Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағ­дарлама жасалды. Елбасы өз Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдерді ен­гізу керегін айтты. Жалпы, еліміз ТМД арасында ең алғаш болып электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану мен электрондық үкімет бірыңғай порталында электрондық мемлекеттік қызметті енгізуді бастаған. «Цифрлы Қазақстан» экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бағытында цифрлық трансформациялау бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Мұнда негізгі 2 мақсат айқындалған. Біріншісі, экономика саласын цифрландыру және цифрлық мемлекетке өту. «Цифрлы Жібек жолын» дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды үдету. Екінші, адам капиталын дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы Қазақстан экономикасының жаңа даму траекториясына өту міндеті тұр.
P.s
Заман өзгерген сайын көштен қалмай ілесіп отыру қажет. Әлгінде айтқан бірнеше мүмкіндік халық үшін қолайлы. Бір қызығы цифрландыру – адам факторын азайтады. Жақында ғана сиыр сауатын роботтың пайда болғанын естідік. Мәселен, 4 робот сауыншы жүзден аса сиырды күніне үш мезгіл сауып алады екен. Кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруға және автоматтандыруға бағытталған бағдарламалар оң нәтижесін бере бастағаны осының дәлелі емес пе?

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
01 наурыз 2019 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 66
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031