» » ЦИФРЛАНДЫРУ – МЕДИЦИНАДАҒЫ БАСТЫ ТЕТІК

ЦИФРЛАНДЫРУ – МЕДИЦИНАДАҒЫ БАСТЫ ТЕТІК

Біз цифрлы технология­ны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрия­ларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустрия­лар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты».
ҚР Президенті Н.Назарбаев.


Жалпы, «Цифрлы Қазақстан» бағ­дар­ламасы бізге не береді? Оның елге тиімділігі мен Қазақстан халқына берері қандай? Елімізде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Елбасы тап­сырмасымен «Цифрлы Қазақ­стан» жобасын жүзеге асыра бас­тады. Бұл бағытта ауданымызда нендей шаралар атқарылуда?

Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында цифрлы технология арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін атап көрсеткен болатын. Осы жұмыстың жемісі болар – бүгінде науқастардың электронды түрде тіркеліп, емделуі бір жүйеге түсуде. Цифрландыру бағдар­ламасы – тұрғындардың денсау­лы­ғын сақтау, аурудың алдын алу, диагнос­тикалық, емдік қызметтерді жан-жақты қамтуы қажет. Айтулы бағ­дарлама төрт бағыттан тұрады. Атап айтқанда, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттыру, эконо­миканың салаларында цифрлы технологияны енгізу, мем­лекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру, сондай-ақ IT мамандар даярлау. Атап айтар болсақ, аудандық орталық ауруханада «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы оң шешімін табуда.

– Өркениет дамып, заман алға жыл­жыған сайын біз де қоғам көшіне ілесіп отыруымыз керек. Сол себептен де жұмыс барысында өз қыз­мет­керлерімізбен қоса, жергілікті ха­лық­­тың сауаттылығын арттыруға да жұмыс істеудеміз. Енді бұған дейінгідей дәрігерге кезекке тұрудың қажеті шамалы. Әрбір адам үйде отырып-ақ ауырған жағдайда қаралатын дәрігер мен жедел жәрдемді шақыртады. Сол арқылы емдік және меди­циналық қызметті ала алады. Осы орайда, ауданның медицина саласына үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап кешенді медициналық ақпараттық бағдарламасы бойынша «Даму мед» қосымшасы енгізілді. Дәрігерге қаралу­­шылар қолына бұрынғыдай кар­точкамен келмейді, ЖСН-мен электронды түрде тіркеледі. Электронды тіркелімде жеке тұрғынның денсаулығына байланысты барлық мәліметі тұрады. Ауданда 43 мың халық бар десек, соның бірқатарын электронды-амбулаториялық порталға көшірудеміз, – деді амбулаториялық-емха­налық қызметі бар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жайлыбай Ақкенжеұлы.

Саламаттылық – кез келген мем­лекет­тің қолындағы алтын кілт. Медицина майталмандарымен бірге, қара­­­пайым тұрғындардың цифрлық жүйе­мен жұмыс істей бастағаны бізді де қуантады.

– «Даму мед»-ке жыл басынан бүгінге дейін 20 мен 60 жас ара­лы­ғындағы 8287 адам тіркелді. Берілген 30 пайыздың 19 пайызын орындадық. «Даму мед»-пен 2500 адам дәрігерге тіркелді. 101 дәрігерге үйден шақырту жасалды. Бір ұтымдысы – лабораторияға да жолдама электронды түрде жолданады. Мұнан дәрігердің белгілеген рецептін көре аламыз. Сондай-ақ тұрғылықты халық жылына бір мәрте тексерілуден өте алады. 36 нысаналы индикатордың 20-сына қол жетіп отыр, – дейді орталық ауру­хана­ның бағдарламашысы Мадияр Қыпшақбаев.

Президенттің тапсырмасы медицина саласын оңтайландырумен қатар, халыққа да өте тиімді бағдарлама.
– Үйде отырып, терапевт-дәрігерге тізілдім. Тиімдісі – күні мен сағатын өзің белгілейсің. Шұбатылған кезекке тұрмайсың. ЖСН нөміріңді айтсаң болғаны, – дейді Жосалы кен­тінің тұр­ғыны Гүлмира Сағаева.
Негізінен, «Цифрлы Қазақстан» бағ­­дар­­ламасы халыққа қай жағынан да тиімді. Әрі оны тез үйренеді. Жұртшылық электронды қызметті алған сайын оның тиімділігіне көз жеткізуде.

Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
27 қараша 2018 ж. 2 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031