» Цифрландыру өмірдің жаңа кезеңі

Цифрландыру өмірдің жаңа кезеңі

Далада дауыл, аралас жаңбыр жауып тұр. Дегенмен, күннің қолайсыздығына қарамай несие төлеуге сыртқа шықтым. Бүгін соңғы күн, мұны төлемесе үстемақысы өседі. Дауылдың соққысынан ша­шым­ның репеті кет­ті. Суық жауыннан көзімнің бояуы аққан. Бірақ, қа­зіргі сәтте бұл маңызды емес. Себебі, алдымда ұзын-сонар кезек тұр. Мұндағы кезек күтіп тұрғандардың да жүйкесі әбден тозған. «Аяғым ауыр» және «баламен жүрмініңе»  құлақ асып жатқан пенде жоқ. Осы жағдай әр ай сайын қайталанады...
Бірақ, бұл бұрынғы жай еді. Қазір қолыңызда қалтафоныңыз болса болғаны. Үйде отырып сұқ саусағыңызбен батырманы түртіп қалсаңыз мәселеңіз шешіледі. 
Мысал келтірсек көп-ақ. Көз көріп, құлағымыз естіген оқиғаларға куә болып келеміз. Халыққа қызмет көрсету орталығында көз жұмған адамды естіген боларсыз? Бұл да сол кезектің көптігінен орын алған еді. Бүгінде арнайы сілтеме бойынша ғаламтормен жұмыс істеуді үйренсеңіз болғаны. Анықтама алу, баланы балабақшаға кезекке қою, ЖСН дайындау және тағы басқа қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалана аласыз. Бұл халық үшін қолайлы қызмет түрі емес пе?
– Емханаға дәрігерге қаралу үшін кезек күтуге тура келеді. Жұмысбасты адам болған соң босаған уақытта баруға тырысамыз. Бірақ, көрініп те үлгермей, кері қайтатын едік. Ал, қазір бәрі басқаша. Жақында ғана DamuMed мобильді қосымшасын ұялы телефоныма жазып алдым. Дәрігерге көріну уақытын белгілеп, кезек күтпей-ақ сол уақытты туралап барады екенсің. Сонымен қатар, дәрігерді үйге шақыртуға да мүмкіндік береді. Біз үшін жақсы дүние емес пе? Қазір қарбалас өмір сүру кезеңі ғой. Уақытымызды тиімді пайдаланамыз, – дейді кент тұрғыны Р.Елдесбаева.
Сондай-ақ, алдағы жылдан бастап әр адамға жеке электрондық денсаулық сақтау паспорты тағайындалмақ. Енді науқас өзімен бірге денсаулық картасын тасып, сабылып іздемейтін болады. Емханаға қаралған жағдайда, сол күнге дейін қандай сырқатқа шалдыққаны, қандай ем алғаны туралы толық ақпарат дәрігердің қолында тұрады. Демек, электронды паспорт министрліктің бəріне ортақ платформаның құрамына кіреді. Онда әрбір науқас пен денсаулық сақтау қызметкерінің жеке кабинеті болады.
Бұл – заманауи технологияның дамы­ған кезеңі. Елбасының тапсырмасы бойын­ша Үкімет тарапынан мемлекеттік бағ­дар­лама жасалды. Елбасы өз Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешім­дер­ді енгі­зу қажеттігін айтты. Жалпы, еліміз ТМД арасында ең алғаш болып электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану мен электрондық үкі­мет бірыңғай порталында электрондық мемлекеттік қызметті енгізуді бастаған. «Цифрлы Қазақстан» экономикасын жедел технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бағытында цифрлық трансформациялау бойынша кешенді бағдарлама қабылданды. Мұнда негізгі 2 мақсат айқындалған. Бі­рінші, экономика саласын цифрландыру және цифрлық мемлекетке өту. «Цифрлы Жібек жолын» дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды үдету. Екінші, адам капиталын дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы Қазақстан экономикасының жаңа даму траекториясына өту міндеті тұр.
– Цифрландыру – бүгінгі күн талабы. Бүгінде цифрлық технологиясыз жетістікке жеткен кәсіпорынды елестету мүмкін емес. Болған жағдайда тауарының сапасы төмен болуы әбден мүмкін. Әрі бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Сондай-ақ, цифрландыру – адами факторды азайтады. Жақында ғана сиыр сауатын роботтың пайда болғанын естіген едік. Мәселен, 4 робот сауыншы жүзден аса сиырды күніне үш мезгіл сауып алады екен. Кәсіпорындарды жаңғырту мен цифрландыруға және автоматтандыруға бағытталған бағдарламалар  оң нәтижесін бере бастағаны осының дәлелі емес пе? – дейді Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығы коммуналды мекемесінің жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Жасұлан Тасабаев.
Айта кететін жайт, бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның міндеті – дамыған, цифр­лы технологиялар арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру. Бүгінде елімізде аталмыш бағдарлама бойынша ақпараттық технологияларды экономиканың бес бағыты бойынша енгізу көзделуде. Олар: «Экономика салаларын цифрландыру», «Цифрлық мемлекетке көшу», «Цифрлы Жібек жолын іске асыру», «Адами капиталды дамыту», «Инновациялық экожүйені құру». Аталған бағыттар бойынша 2018-2022 жылдар аралығында 120 іс-шара жүзеге асырылады.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
---
19 маусым 2018 ж. 2 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 64
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031