» » Тентекті қалай тезге салады?

Тентекті қалай тезге салады?

Көрмеске амал бар ма, айтпасқа тағы болмады. Жанымыз ашығаннан шырылдаймыз. Ауданымызда мемлекет мүлкін бүлдіру белең алуда. Жастардың жағымсыз іс әрекеті әлі де тыйылар емес. Кездескенді қиратып, сәнін келтіргенді сындыруда. Сырт көзге қарғанда жабайылық дерсің. Бір ғана мысал, аудан орталығындағы тұрғындар саялап жүрген «Ардагерлер аллеясы» бүгінде біраз нысандарға үлгі еді. Соңғы кезде көз тигендей сыны кете бастаған. Серуендеушілер отыратын орынтақтың (скамейка) ағаштары қирап, жарық шамдары сынған.

Бір кездері ескерткіштің құлап жатқанын көріп жағамызды ұстаған едік. Нағыз вандализмдік әрекеттің көрінісі десек артық айтпаймыз. Осыдан кейін өзіміз тұрып жатқан аймағымызға жанымыз ашымағаны ма деген сұрақ туындайды. Бұл іске үлкен жастағы кісілердің бармайтыны белгілі ғой. Айналып келгенде әңгіменің ұшы мектеп қабырғасында жүрген жастарға келіп тіреледі.
Өткенде бір көрініске тап болдық. Жексенбі. Базар аралап, қайтарымызда «аллеяның» ішімен жүрдік. Алыстан тентектік жасап жүрген мектеп жасындағы үш баланы көзіміз шалды. Кіреберістегі батыр ескерткішінің үстіне мінгелі жатыр екен. Бізді көріп іс-әрекетінен тыйыла қалды. Бірақ, қасынан өтіп кетеміз дегенше батырдың мүсінін тепкілеумен болды. Ана көрініске шыдамаған қасымдағы анам балаларға ашулана сөйлеп, тентектерді тыйғандай болды. Осыдан кейін таяқтың бір ұшы балаларының бос уақытын қадағаламаған ата-анаға келіп тиеді. Шынында жас жеткіншектің осындай бұзақылық іс-әрекетке баруының себебі неде?
– Балаға қазір ата-ананың тәрбиесі мен мейірімі жетіспейді. Көбіне толық емес отбасында өскен бала бұзақы ортаға тез бейім келеді. Оларға көңіл бөлмегесін тәрбиені көшеден іздейді. Қазір жұмысбасты ата-ана көп, баласының не істеп жүргенінен бейхабар. Бір ауық мектепке келіп мұғалімінен жағдайын сұрамайды, ата-ана жиналысына шақырсаң келмейді. Сөйте тұра бір жағдай болып қалса мектеп ұстаздарын кінәлап шығады, – деді психолог Гүлназ Серікова.
Рас. Бір сыныпта отыз бала болса, мұғалім солардың білімі мен үлгіріміне қарай алады. Ал, үйде отырған ата-ана бір баланың тәрбиесіне көңіл бөле алмағаныма?
Вандализм – бұл жалғыз жасөспірімдер арасында жайылған дерт емес. Ол кез келген қоғамда әртүрлі топтардың қолымен орын алатын жабайы қылмыс. Оған жоғарыда келтірген мысалдарымыздың бірі толық дәлел бола алады. Сондықтан оған бей-жай қарамай, вандализмнің алдын алу бағытында мектептерде тәрбие жұмыстарын күшейту керек. Осы бір дертке біз тек қана қоғамдық тәрбие арқылы тосқауыл қоя аламыз. Мемлекет мүлкін жеке мүлкім деп қараңыз. Өз мүлкіңізге бей-жай қарамайсызғой?!
Ерсін Сәдуұлы,
«Қармақшы таңы».
14 ақпан 2019 ж. 1 065 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031