» » Абылайдың түсін ақиқат еттік пе?

Абылайдың түсін ақиқат еттік пе?

Бізге осы бәрі жабысқыш. Не кесел бар, не дерт бар балаққа ілігіп жүреді. Бауырмалын қайтерсің? Қоғамның дертін айтамын. Осы уақытқа дейін дін аман келген елдің бүгін бүлінуіне не түрткі? Жағаға жармасқан жоқтық жоқ. Беймаза қылған соғыс жоқ. Бірақ ауыз айтуға, тіпті сана ойлауға арланатын арсыздық орын алуда.
«Мың дерт болса, соған мың бір дауа беремін» деген бар. Тәңір берген шипа мен дауаны әлі таппай жүрміз. Бұрын қазақ “балам – болашағым” деуші еді, қазір бала көрсе нәпсісі қозатындар көп.
«...Заманың сенің құбылды, текеметтің түріндей, ойлағаны жамандық...» деп Шортанбай жырлапты. Балаға залымдық ойламаған ел едік. Енді педофилизм деген бәле жүр қаламызда, даламызда.
Әлем бойынша тоғызыншы орында тұрған территорияға адам толтыра алмай жатқанда, болашақтың тамырына балта шабу жиілеп кетті. Санап та, саралап та қажеті жоқ. “Мұндай болашақты көргенше, су қараңғы жүрген артық” дегенді естіп едік. Енді міне, сорақылық. Бет тырнап, өз көзімізді өзіміз ағызуға сәл қалдық. Кешегі Қасым, Есім, Тәуке хандардың заманында болса мұндайлардың төбесін тесер ме еді, кім білсін? Ел болып бетіне түкіріп, тоқсан ру тас атып не басқаша жалпы халықтық жаза қолданар ма еді? Өзгелерге сабақ болсын дейтін. Қазір бәрібір. “Балам – болашағым” деген елдің барар бағыты осы ма? Ана сүті аузынан кеппеген сары ауыз балапандарымызды қашанғы қорлатпақпыз? Өзгелерге қашан сабақ етеміз?
Бұл әңгімелерді неге айтып отыр дейсіз ғой. Ел ішінде қаулаған әңгіме жүр. Жай жүрген жоқ, балалардың өміріне алаңдаушылық туындатып отыр. Кеше көшеге баласын ойнауға жіберген тұрғындар, бүгін "болашағын" қамауда ұстауға мәжбүр. Қалай дегенмен бүгіншіл емес, болашақты ойлайтын елміз ғой.
Абылай хан түс көріпті деседі. Ұрпағы бақа-шаянға айналып кетіпті. Оның көргені бүгін шындықпен жанасатындай. Бақа-шаянның кейпіне енбеген неміз қалды? Бұл жәндіктердің не туысы, не “адамдығы” жоқ. Өмір сүру үшін не iстемейдi? Тіптi баласын де жеуден тайынбайды. Ал, біздің не артықшылығымыз бар? Тек пен жеті атаны құрметтеген елдің ұрпағы өз көргенін жасауда. Еркек еркекке, әйел әйелге, ересектер балаға нәпсісін оятқан. Себепсіз сөз емес, желдей ескен әңгіме соған арқау. Алайда қазақ даласында болған жағдай бізге сын. Бабамыздан көрмеген үлгі белең алмасына кім кепіл?
Ахмет Байтұрсынша айтқанда, “Отбасына келерлік бәле болмаса, жұрт басына келерлік бәлені ойлап уайымдамайды. Қуанышы, қайғысы отбасынан аспайды” дейтін кезең енді туған шығар? Ұлт болып, іргемізді бүтіндемесек, бүлінгеннің бүліндісі бүйірімізді тесер-ау. Бүлінген емей не? Еуропа бір жынысты некені құп көріп, табиғи заңдылыққа қайшы дүниені қолдап жатыр. Батыстан аларымыз көп болғанымен, саралап, дәстүріміз бен салтымызға сайын алғанымыз жөн. Әйтпесе, залалы затымызды жоқ етер-ау.
Д.САДЫҚ
31 мамыр 2018 ж. 1 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031