» » Мен өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

Денсаулық... Денсаулық... Бұл біреуге – арман, асыл қазына, ал біреуге – жәй ойыншық қана. Біз мұны күнделікті өмірден көріп те, естіп те жүрміз. Қолындағы алтынның қадірін білмей, арақты  – асына, темекіні  – досына, есірткіні  – ермегіне айналдырып  жүрген адамдар қаншама?! Ішкілікке салынып, улы түтіннен рахат тауып жүргендер өз денсаулығына, өз өміріне балта шауып жүргенін білер ме екен? Оның есесіне, ерінбей еңбек етіп, маңдай терімен ақша тауып, жоққа күйінбей, барды бағалай білгенге не жетсін!
Бүгінгі күні адам  баласының басына  төнген қауіпті  ауру –нашақорлық  қанатын  кең  жайып келеді. Қаншама бейкүнә адамдар есірткінің құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады.Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тиым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Сондықтан да, жақындарымызды, балаларымызды зиянды әдеттерден аулақ болып өсуі үшін отбасында дұрыс тәрбие берілу керек. Ешқашанда ата-ана баласын қараусыз қалдырмай, оның үнемі пайдалы іспен айналысуына жағдай жасауы тиіс. Осы орайда, Абай атамыздың,  «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» деген өлең жолдары ойыма оралып отыр.Расымен де, адам баласының азуына сенімсіздік, еріншектік, барлық пен жоқтық, ойсыздық, еңбек етпеу, белгілі бір іспен айналыспау әсер етеді. Келешекті, ертеңін ойламаған адам- қараң адам.Осындай адамдар ортасында тәлім алған балада қандай болашақ болмақ?
Қазіргі уақытта, Қазақстандағы есірткі пайдаланушылардың басым бөлігін жастар мен жасөспірімдер құрап отырғандығы өкінішті жағдай. Деректерге сүйенсек,нашақорлардың 76 пайызы ерлер болса, қалған 24 пайызы әйелдер екен. Әйелдің нашақор болуы болашақ үшін өте қауіпті. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа әуестіктің себебі бала іште жатқанда анасының қаны арқылы есірткі нәрін бойына сіңіріп үлгеретіндігі болып отыр. Яғни, бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныстан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді.
Дана халқымызбаланы «Ұрпағымның жалғасы, бала біздің болашағымыз» деп біледі.Осыған орай, Мағжан атамыз "Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанатты — Мен жастарға сенемін!,- деп, артында қалған ұрпаққа сеніп кеткенде, ол ұрпағымыз шетінен ұнталып, өмірлерін өздерін улап жатқанын көріп, өзегің өртенеді.
Қорыта айтқанда,
           Бұл өмірді  ғажайыпқа балаймын,
           Болашаққа сенімменен қараймын.
           Біз өсірген, тәрбие берген баламыз
           Дені сау боп жетілгенін қалаймын!
 
 
№109 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Нұрбибі Ақынбекова
 
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
Ақтөбе ауылы
01 мамыр 2018 ж. 1 798 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031