» » ҚОҒАМҒА АЛАҢ КӨҢІЛ ҚАШАН КӨНШИДІ?

ҚОҒАМҒА АЛАҢ КӨҢІЛ ҚАШАН КӨНШИДІ?

Мүлік дегенде, екі нәрсе еске түседі. Бірі – кәдімгі отбасындағы күнде тұтынатын дүниеміз де, екіншісі – мемлекет мүлкі. Бір қызығы – «Өзім дегенде – өгізқара күшім бар» дейтін қазекемдер өз мүлкіне көзінің қарашығындай қараса, мемлекет мүлкіне келгенде бұл көзқарасты шаммен іздеп таппайтындаймыз.


Осыдан біраз жыл бұрын газет бетінен бір сұмдық оқиғаны оқығаным бар. Бұл Кеңес Одағы ыдырап, болашағы бұлыңғыр, келешегі күмәнді қоғамның қайда  бұрыларын білмей дағдарып тұрған кезі тұғын-ды. «Жоқтық не істетпейді» деген ғой атамыз қазақ. Дегенмен, қазақ халқы қандай қанқұйлы заманды басынан өткізбесін, бұл қылмыс түрін қорғап ала алмас еді. Себебі, бейбіт күнде бейіт жағалап, әруақты мазалау адамгершілікке де, имандылыққа жатпайтын-ды. Дүниеден өткен адамның мәйітін ашып, аузындағы алтын тісін қағып алғандар өз жазасын алған да болар. Бірақ, ешбір санаға сыймайтын осы бір қылмыс түрі вандализм деп аталады. Оған – қоғам құндылығын бұзу, қирату, бүлдіру жатады. Сондай-ақ, вандализмге құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

Бақытымызға қарай, ондай оқиға содан соң қайталанбады. Әйтсе де, бүгінде қоғамдық орындағы дүние-мүлікке қол салу ара-кідік болса да кездеседі. Алысқа бармай-ақ қоялық. Қайсыбір жылы Жосалы кентіне заманауи үлгіде  аялдамалар орнатылды. Қандай тамаша. Ұлттық нақыштағы суреті мен мөлдір әйнегінің өзі адам назарын бірден аударатын. Бірақ, біз оны не істедік? Біз емес-ау, көпке топырақ шашпалық. Біріміз, яғни мемлекет мүлкіне жанымыз ашымайтын безбүйрегіміз аялдаманы жарақаттап, әйнектерін сындырды. Мұнан мәдениетіміз бен мемлекет мүлкіне деген көзқарасымыздың қай деңгейде екенін көрсетіп қойдық. Тентектік делік. Сол тентектіктен мемлекет мүлкіне қаншама шығын келді.

Мемлекет мүлкіне жанашымау кімнен бас-талды? Ортақ меншікке немқұрайлы қарауға кім себепкер? Кез келген аллея мен саябаққа барыңыз. Әрине аудан орталығындағы шамы шағылған, орынтағы сынған, қоқыс жәшігі қиратылған. Мәселе қайда жатыр. Бізде бір қызық психология қалыптасқан. Меншігіміз бүтін тұрса, иелігіміздегі бұйымымыз таза болса болғаны. Басқасы маңызды емес. Ауладағы қоқысты көшеге түнімелік шығарып қою, кір суын көшеге төгу, аулада «пайда болған» шөлмекті көшеге атып жіберу күнделікті күйбең тірліктің ажырамас бөлігіне айналған. Кез келген маманнан, ғылыми атағы дардай кісіден сұраңыз күн суықта асфальт бетіне төгілген су оның тозығын жеткізеді. Ал лас суды әлсін-әлсін төгіп, асфальтті «мұз алаңқайы ету – коррозияны жылдамдатады. Мақұл дейік, мемлекет жасауы керек, көшені абаттандыру, аллея салу, жол белгісін орнатып, ауыз су мен жарықты жүргізу мемлекет міндетінде. Ал сол мемлекет жасаған дүниеге қамқорлық таныту кімнің міндетінде? Біздің! Ал көшеге лас суды шаша салатын, қоқысын шығара салатын адамның баласы да қоғам мүлкіне жаны аши қоймайды. Ол нақ дүние. Алдымен вандализммен күресу үшін ұрпақты жақсы тәрбие бұлағымен сусындатайық.    
– Жалпы қоршаған ортаға деген қамқорлық сәби кезден басталады. Бірінші отбасыңнан, содан соң балабақша мен мектепте қалыптасады. Бірде Елбасы жастардың көшеде шемішке шағып, қоқыс қалдығын тастап кете баратынын қатаң сынға алды. Ұят болса да айтайын, кейбір жастар бейпілауыз сөйлегені былай тұрсын, темекі қалдығы мен «кола» құтысын кез келген орынға тастап кете барады. Жазда «Ардагерлер» саябағында демалып отырғанмын. Жанымнан   бірнеше бойжеткен өзара әңгіме айтқан күйі өтіп барады. Ауызда шемішке, жан-жағына қарайтындай емес. Әңгімеге кіріп кеткен. Сөйтіп бара жатқанда, олардың соңынан әжесі мен кішкентай немересі бара жатты. Бір таңқалғаным – бойжеткен қыздардың «кола» мен шемішке қорабын әлгі бес жасар сәби жақын маңда тұрған қоқыс салғышқа апарып салды. Әжесі де ақылды немересіне: «жарайсың» деп қанаттандыруда. Расында, саябақтың күтушісі бар дейік. Ол болған күнде де әрбір адам осындай қалдық пен қоқыс тастап кететін болса, сонда біздің кім болғанымыз, – дейді аудандық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Әділбек Тәтишев.

Мақала жазу барысында кентімізді тағы бір шолып өттік. Қуанғанымыз – кезінде қолмен бүлдірілген әйнекті аялдама темір аялдамамен ауыстырылғаны. Темірдің аты – темір. Егер, қайтадан әйнек қойылар болса, ол тағы да сынуы мүмкін ғой. Бұл көрініс – Ораз ахун, М.Шоқай, Мүсірбаев көшелеріндегі аялдамаларға тән. Сыры кетіп, сылағы құлап тұрған «Ана» ескерткіші де қайта жөнделіп, шағын баққа көрік беруде. Аралау кезінде кентіміздің тағы бір жұмысына риза болыстық. Ол үлкен көшелерге жарық шамдарының орнатылуы мен мектеп маңына жол кедергілерінің қойылуы. Себебі – бала өмірі бәрінен қымбат. Жалпы, кентте жақсы жұмыс бар. Тек тұрғындарға соны күтіп ұстау ғана қалып тұр.

Түйін.
Тентегін тезге сала білген қазақтың ұрпағымыз. Қоғам игілігін бүлдіргенше, оған қолдан келгенше қамқорлық танытуымыз керек. Болашаққа, ұрпаққа қалдырар  құндылығымыз да осы болмақ. Мемлекет мүлкін бүлдіргенше, мемлекетімізді гүлдендіруіміздің қамын жасайық.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
26 қараша 2018 ж. 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031