» » ОНЛАЙН НЕСИЕ ОҢДЫРМАЙДЫ?

ОНЛАЙН НЕСИЕ ОҢДЫРМАЙДЫ?

Цифрландыру демекші, бұл технология несиеге де келіп жетті. Қалай деймісіз? Бұрынғыдай банкке барып, кезек күтіп, құжат рәсімдеп жүрмейсіз. Қалтафон болса болғаны. Гугл апама кіресіз, «онлайн кредит» деп жазасыз. Бірінен-бірі өткен ұз­ын-сонар тізімнен біреуін таңдайсыз. Саусақпен бір шертсеңіз болды. Бір күнде ке­лісіп, шотыңызға ақшасын аударады. Тек тегін ақша деп ойламаңыз. Себебі, не­­сиеден несібе тапқан жан әлі кезіккен жоқ.
Бұл «Жылдам ақша» деп аталатын ор­талықтан берешегі жоқтар аз шығар, сірә?! Әсіресе, мұнда көбіне жастар жүгінеді екен. Том-том қып құжат жинамай, жеке куәлікпен тапсырыс жасасаңыз болғаны. Тек уақытылы қайтаруыңыз керек. Өсімі көп. Алған сомаңызды еселеп-еселеп өндіреді. Коллекторлары тағы бар. Күнде қоңырау шалады. Мазаңызды алады. Әйтеуір түбі қайтартады.
Мамандар онлайн-несие нарығы 200-300 процентке өсіп, 100 миллиард теңге айналымға шығуы мүмкін дейді. Себебі, онлайн несиенің мүмкіндігі мол. Банкке ат арытып бармай-ақ, ғаламтордан тапсырыс берсеңіз, менеджерлер сізге өздері-ақ шығады. Жарықтық, заман дамыған сайын мүмкіндік те молаюда. Бұл – соның бір айғағы. Осыдан 3 жыл бұрын ғана бұл нарық 2,5 миллиард теңгені құраса, 2016 жылы 8,9, өткен жылы 22 миллиард. Жыл сайын өсім бар. Мамандардың болжамы шындыққа жанасатын тәрізді. Өйткені, бұл күнде қазақстандықтардың қолында миллиондаған банк карточкасы бар. Сол арқылы онлайнмен үйлестіре отырып, мүмкіндік пайдалануға жол ашыла береді. Алайда, «жылдам ақша» ұйымдары қадағалаудан тыс қалып отыр. Олар нарықта емін-еркін сезініп, өздерінің жұмысын жүргізіп келеді. Бұл күнде мұндай онлайн ұйымдардың саны 2000-нан асып жығылады. Алайда, сала мамандары бұл жүйені заңмен реттеуге байланысты Ұлттық банкпен келісім жасады. Нәтижесінде Ұлттық банктің қарамағына өтіп, нақты заң қабылданып, сол заңның аясында жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір іріктеліп-іріктеліп, нағыз жұмыс істейтін 152 микронесие ұйымы қалды.
Бұл күнде онлайн-несие нарықтағы бөлшек сауданың 1 проценттен төменін құрағанымен, оның болашағы алда екені даусыз. Тек, заң жүзінде жұмыс істесе болғаны. Бүгінде Қазақстанда 5 миллионға жуық адамның мойнында несие бар. Ал, қайтара алмағанның үстінен сот алдында том-том болған арыз бар. 8,8 миллион дана несие шартына қол қойылған. Қазақстан халқының үштен бірі банкке қарыз екенін ойлаңыз. Ал, жоғарыда аталған несие карталарын пайдалану 95 процентке өссе, сол карталар арқылы 80 миллиард теңгеден астам несие берілген. Он сегіз миллион халықтың қаншалықты қарызбен өмір сүріп жатқанын өзіңіз-ақ бағамдай беріңіз.
Түйін.
Коллектор десе төбе шашымыз тік тұрады. Ойымызға бірден бопсалау, ба­лағаттау, қорқыту келеді. Бірақ, бүгінде бұлар да тайраңдап жүре алмайды. Арнайы заң қабылданды. Тек өз құқығыңызды бі­ліп, құжаттармен мұқият таныссаңыз бол­ғаны. Айтпақшы, бұл тұтынушыға бе­рілген мүмкіндік деп ойламаңыз. Банк «жа­сырынбақ» ойнағанды ұнатпайды.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 ақпан 2019 ж. 1 109 1

JeaCold от 17 ақпан 2019 21:28
Cheapeast Fluoxetine Next Day Website Pharmacy buy generic cialis online Cialis Femenino

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031