» » Депозит ашқанда нені ескеру керек?

Депозит ашқанда нені ескеру керек?

Депозит ашқанда нені ескеру керек?
Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозиттің қандай түрлері бар? Ақшаны қандай валютада сақтаған дұрыс? Осы және тағы басқа сұрақтарға жауап береміз.
Депозит дегеніміз не?
Депозит дегеніміз – пайыздық мөлшерде табыс табу үшін банкке берілетін қаражат. Сіз көретін пайда мөлшері депозиттің пайызымен аңықталады.
Мысалы, сіз ақша салған банк депозитінің жылдық мөлшері 10% болса, онда депозитке салынған әрбір 1000 теңгеден жылына 100 теңге пайда түсіріледі.
Депозит банктердің негізгі пайда құралы. Банктер халықтан белгілі бір пайызбен депозит арқылы ақша жинайды да, кейін өзгелерге жоғарырақ пайызбен бұл қаржыны таратады.
Депозит қаншалықты қауіпсіз?
Қомақты қаржыны банкте сақтау қауіпсіз бе? Депозит ашқысы келетін адамдардың басты қорқынышы да осы. Алайда кез келген тұлғаның банктегі салымына мемлекет толық кепілдік беретінін біле жүріңіз.
Депозиттің қандай түрлері бар?
Қазіргі таңда депозиттің танымал екі түрі бар:
  • Ұзақ мерзімді – депозиттік салым мерзімі аяқталғанша, ақшаны шешіп алуға болмайды.
  • Қысқа мерзімді – қалаған уақытта ақшаңызды шешіп аласыз. Бірақ есебіңізде белгілі бір сомада ақша қалуы керек. Ол туралы кейінірек айтамыз7
Егер жақын уақытта қаражат керек болмайды деп ойласаңыз, бірінші нұсқа сіз үшін тиімді болмақ.
Депозит мерзімі – депозит алған банк талаптарына сәйкес болады. Салымды орналастыру мерзімі клиенттің қандай депозит түрін таңдағанына байланысты. Депозитті ашудың ең аз мерзімі кейбір банктерде 3 айдан басталады. Максималды мерзім – 5 жыл. Барлық банктерде депо­зиттердің шартты мерзімінен бұрын тоқ­татылуы, ақшаны толық қай­тарып алу мүмкіндігі қарастырылған.
Депозит не үшін керек?
Әр адам белгілі бір мақсатта ақша жинайды: үй алу үшін, балаларын шетелде оқыту үшін, саяхаттау үшін. Осы жинап жүрген ақшаны өз шотыңызда немесе үйде сақтағанға қарағанда банкте сақтаған тиімді. Оның үстіне банктер қосатын пайыздардан өз ақшаңыздың үстіне пайда табасыз. Яғни, депозит – ақшаны сақтауға арналған ыңғайлы қор.
Қаржыгерлердің айтуынша, сіздің қаржылық болашағыңыз қанша ақша табатыныңызға емес, табыстан қанша ақша қалатынына байланысты. Сондықтан, қаржыгерлер ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын болса да, депозитке салып отыруға кеңес береді.
Шет елдерде бала туыла салысымен оның атына депозит ашып, ақша жинауды бастап кетеді. Осының арқасында бала кәмелет жасқа толғанша есеп шотында қомақты қаражат болады. Бұл қаржыны баланың біліміне, үй алуына немесе басқа да қажеттіліктеріне жұмсайды.
Депозит ашу үшін қандай құжаттар керек?
Депозитті ашу үшін тек бір құжат қажет – ол жеке куәлігіңіз. Депозит ашу мақсатында банкке барсаңыз, олармен жасалатын келісім-шартты мұқият оқыңыз. Сондай-ақ, келісім-шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда қанша айыппұл төлейсіз, ақшаны шешіп алғанда комиссиясы қанша болады – бәрін анықтап алу керек.
Банкті қалай таңдаймыз?
Жылдық өсімі өзіңізге ұнаған депозит түрін таңдайсыз да, банктің сайтына кіріп, депозит шартымен толық танысып шығасыз.
Таңдаған банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына» кіретінін анықтап алу маңызды.

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» дегеніміз не?

Қазақстанда депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесі жұмыс істейді. Валютасына, пайыздық мөлшерлемесіне қарамастан елдегі әрбір жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық депозиттеріне мемлекет толық кепілдік береді. Тіпті азаматтардың кез келген қазақстандық банктен ашылған ағымдағы шоттары мен бұрынғы шоттарындағы ақшасына да мемлекет кепілдік береді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңында» жазылған.
Қор жұмысы туралы толығырақ білгіңіз келсе, www.kdif.kz сайтына кіріп немесе 8 800 080 10 20 телефон нөмірі арқылы «шұғыл желіге» хабарласыңыз. (Қазақстан бойынша қалалық телефондардан қонырау шалу – тегін)

Банк клиенті өз депозитін сақтандыру үшін банкпен немесе Депозиттерге кепілдік беру қорымен қосымша келісім-шарт жасасуы керек пе?

Салымшы бар болғаны тек банкті таңдап, банктік салым жөніндегі келісімге қол қоюы керек. Мемлекеттік кепілдік депозиттердің барлық түрлеріне беріледі. Сондай-ақ, мұндай кепілдік жеке тұлғалардың банктердегі шоттарындағы барлық қалдық ақшаларына да автоматты түрде беріледі.
Қаржыны қай валютада сақтаған дұрыс?
Доллар, еуро сияқты шетелдік валюталарда салатын болсаңыз, ай сайынғы пайыздық өсімі аз болады. Егер ұлттық валютаның девальвацияға ұшырауынан қорықсаңыз, шетелдік валюта сіз үшін тиімді болмақ.
Ал, ондай қорқынышыңыз болмаса, теңгемен депозит ашу арқылы жап-жақсы табыс табуға болады. Себебі, теңгемен салатындар үшін банктер жоғары пайыз ұсынады.
Банк таратылған жағдайда...
Банктің мәжбүрлі түрде таратылу жөніндегі сот шешімі өз күшіне енгеннен кейінгі 14 күннің ішінде Қор республикалық БАҚ-дар арқылы төлем жасайтын агент банкті атап, төлемдердің басталатыны туралы хабарландыру береді. Содан кейін салымшылар бірден сол банкке хабарласып, 10 миллион теңгеге дейінгі кепілді түрде өтелетін ақшасын ала алады.
Сондай-ақ, сіз ақша салған банк банкрот болатын болса, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сізге депозитке салған ақшаңызды өсімінсіз қайтарып береді. Алайда, ол 10 млн теңгеден асып кетпеуі керек. Егер депозитке бірден 10 млн теңге салғыңыз келсе, оны бірнешеге бөліп, әр түрлі банкке салып қойған жөн.
Бір адам бірнеше банктен депозит аша ала ма?
Басқа банктен депозит ашуға кредитіңіздің болуы кедергі емес. Бірақ депозит ашылған соң, Альянс банктің өтініші бойынша немесе ұзақ жылдан бері төленбеген несие болса, сот шешімімен сіздің депозиттік шотыңызға тиым салып, қарыз соманы алып қоюы мүмкін. Сондықтан банкпен ескі қарызыңызды қайтару жағын шешуге тырысыңыз.
16 шілде 2018 ж. 1 187 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 07:35
Amoxicillin Flavor Cialis Et Viagra En Ligne Cialis 20 Miligramos buy disulfiram Prednisone Without Prescription Canada Cephalexin Use

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031