» » Цифрлы Қазақстан:ОНЛАЙН ТӨЛЕМНІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?

Цифрлы Қазақстан:ОНЛАЙН ТӨЛЕМНІҢ МҮМКІНДІГІ ҚАНДАЙ?


 
Қаражатыңызды қайда сақтайсыз? Қолма-қол алып, сандықтың түбіне жасырасыз ба, әлде банк картасында ма? Заманауи дәстүрмен жаңғырып, жаһандық дамуға бет алғалы қажетіңізді электронды түрде сатып алуға мүмкіндік туғалы қашан. Бірақ біз соны меңгере алып жүрміз бе? Ranking.kz-тің мәлімдеуінше, Қазақстанда онлайн сауда айналымы артуда. Яғни, алысты жақын еткен ғаламтор бұл күнде шаруаңызды жеңілдетіп, зор мүмкіндік сыйлап отыр.
Бұл күнде екінші деңгейлі банктер клиенттеріне қолындағы картаны тек қаражат алуға емес, күнделікті тұрмыста пайдалануға қажетіне жаратуда. Яғни, сіз картаңызды ұстап тек қана банкоматқа барып қолма-қол ақша алуға бармайсыз. Сауда орталықтарында берешегіңізді картадан суырып алатын арнайы құрылғылар бар. Оны кезіктіріп те жүрген боларсыз. Елге әлдеқашан келді, тек қолдану аясы кеңеймей келген. Жұртшылықтың бұл қолданысты меңгеруге ынта-ықыласы артса керек, жылдың алғашқы екі айында елде төлем карталары арқылы орындалған операциялар өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 45,3 пайызға өскен. Яғни, 2,5 триллион теңгеге жұмыс жүргізілген. Қолма-қол ақша беру жұмысы да 28,1 пайызға өсіп, 1,8 триллион теңгеге жетті. Ал, қолма-қол емес қаражаттың көлемі 2,4 есеге өсіп, 622 миллиард теңгеге артқан. Төлем карталары бойынша бір жылдық өсім 15,3 пайыздан 25,3-ке жоғарылады.
Аудандық қаржы бөлімінің басшысы Марат Бекенов бұл ретте алғашқылардың бірі болып цифрландыру көшіне ілескенін айтады. Өйткені, қаржылық операцияларға ең тиімдісі де осы болып тұр. Тонның ішкі бауындай үйлесім табар тығыз байланысты сала.
– «Қазынашылық клиент» бағдарламасы арқылы аудару, есептілік жұмыстарын жүргіземіз. Расында бұрынғыдай қаптаған қалың қағаз жоқ. Тек кейбір хаттар мен хаттамалар болмаса... Операциялардың барлығы орталықтандырылған базадан ап-айқын көрініп тұрады. Квартал сайын тапсырылатын есептің өзі осылай жүргізіледі. Бюджеттің игерілуі де, коммуналдық меншіктерді жекешелендіру де осында. «Гос реестр» арқылы мемлекеттік сатып алу, сату жұмыстары жүргізіліп, тұлғалар сол жерден өтініш бере алады. Барлығы электронды жүйеге көшіріліп келеді, – деді М.Бекенов.
Алтай мен Атырау арасында цифрландыруға әлдеқашан бейімделген облыстар бар. Яғни, озық технологияларды меңгеріп, қаражат көзін электронды түрде онлайн-төлем жүйесі арқылы жүйелі жұмыс істеп тұр. Бұл қатарда әлбетте ару қала Алматыны жатқызамыз. Алатау баурайындағылар қолма-қол емес төлем жүйесі арқылы 403,3 миллиард теңгенің операциясын жүргізген. Бір жылда шамамен 3 есеге өсім бар.
Екінші орында – Елорда. Сарыарқа төсіндегі самалды өлкеде астаналықтар 55,9 миллиард теңгені онлайн төлемге жұмсаған. Бір жылда 64,6 пайызға өсім айқын көрініп тұр.
Үшінші орынды шахтерлардың мекені түйіндеп тұр. Қарағанды облысында 25,5 миллиард теңге жұмсалған. Кен қаласы өткен жылы төменгі деңгейде болған. Биыл алға жылжыды, яғни 2,5 есеге жоғарылап отыр.
– Рас, бұл қалалар үлкен мегаполистердің қатарында. Қызылорданың алдыңғы орындарға әзірге шықпауының себебі – біз шағын облыспыз. Көпшілігі әлі бұрынғы жүйемен қолдануда. Дегенмен, цифрлы Қазақстанға беталыс жоқ деген сөз емес. Қазір ғаламтордағы сауда тұтынушыларға берілген зор мүмкіндік. Мұны біздікілер де түсініп келеді. Қарапайым жол жүру билетінің өзін кассада кезекке тұрып емес, онлайн режимде алатындар бар. Бұл аталған бағыттағы ілгерілеушілік. Тек мемлекеттік мекемелер ғана емес, жеке азаматтар да осылай кең қолданысқа бет алғаны жақсы, – деді М.Бекенов.
Қазір әлемжеліде әлекке түсіп жүргендер де, ғаламтордың ғажайып мүмкіндіктерін өз иеліктеріне пайдаланып жатқандар да көп. Қолыңыздағы құйтақандай аппараттың ішіне алты құрлық емін-еркін сыйып тұр. Қолма-қол емес төлемнің 306,4 миллиард теңгесі осы ғаламтор арқылы жұмсалды.
Түйін.
Жаһандану заманында жаңа технологияларды игеру, цифрлық Қазақстанды қалыптастыру – басты талап болып тұр. Ел Президенті Н.Назарбаев «Бұл бағытта уақыт жылдап, айлап емес, тіпті сағаттап емес, секундтап жүреді» деген еді. Заманға сай жаңарған жақсы, ал кешеуілдетсек, көштен қалып қоюымыз әбден мүмкін.
 
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
 
07 сәуір 2018 ж. 1 053 1

JeaCold от 11 наурыз 2019 02:25
buy cheap accutane online Buy Xenical Cheap Uk viagra online pharmacy Vous Peut Durer Plus Longtemps

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031