КЕЙ ҚАСИЕТТЕРІМІЗ ҚАЙДАН КЕЛДІ
Жеңіл ойлау, қарабасының қамын күйттеу, құлқынның дегенінен аса алмау, одан қалса жағымпаздық. Мұндай таязойлы қасиеттер қазақтың қанында болып па еді? Бәлкім болды. Ал, қазір қалай? Осы пайыздың көтеріліп кеткенін күнде көзбен көріп, көкейге түйіп жүрміз. Бір-біріне қастандық жасау, өз дәрежесін көтеру үшін досын сатып кету, кей қыздардың селтеңдікке салынуы ненің кесірі?
Осы кемшіліктерді жою үшін, не істеуіміз керек? Әрине, даусыз қазақ халқына бас көтере алатын ірі тұлғалар керек. Кезінде еліміз бір жола Ресейге сіңіп кетудің аз-ақ алдында тұрғанда Алаш арыстары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы айдарынан жел ескен Сталиннен қазаққа азаттық алуды ойлады?! Бұлардың бәрі бір туар, қаны таза, рухы азат азаматтар болатын. Біздің заманымызда да қиындықты қасқайып тұрып қарсы алар ерлер жетеді. Бірақ көбі намыспен жігердің жетіспеуінен көрінбей жүр.
Адам бойында ең басты қызмет атқаратын ағза – қан. Қазақ бұған: «Қанында бар екен», «Қанмен келген қасиет», «Тазақанды екен», – деп тәндегі айналып жүрген қанның қадірін осылай білдіріп кеткен. Енді тиісінше қисынға келетін пікір қалыптастырып көрейік. Қан бір-біріне ұқсастығы қаншалықты алыс болған сайын сапалы өнім пайда болады. Арнайы бәйгеге қосатын асыл тұқымды жылқыларды да қанының алыстығына қарап жақындастырады. Мысалы, түріктің ақалтеке тұқымынан араб, тазақанды ағылшын, қарабақ, т.б. жылқы тұқымдары алынған. Халық арасында өзге ұлттардың қосылуынан туған баланың өңі ашық, сұлу келеді дегенде пікір жоқ емес.
Енді осы айтылған деректерді топтастыра келе адам баласына қолдануға бола ма деген сұраққа жауап беріп көрейік. Бұл ойымызбен қазаққа тектілікті, таза қандылықты қайтарсақ деген асыл ниет бар. Ол үшін қазақ жүздерінің тарихына тоқталсақ, қазақ неге үш жүзге бөлініп өмір сүрген. Бұл туралы әр ғалым әр түрлі дерекпен дәйегін келтіреді. Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақта өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қорғау үшін осындай үлкен одақтар құрған» десе, Н.Аристов «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан», – депті. Қалай болған күннің өзін де қазақтың жүзге бөлінуі қан араласпауын тыйды.
«Мәңгілік Ел жастары – индустрияға!», «Серпін – 2050» сияқты мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап орындалуда. Бағдарламаның мақсаты – халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда) жастарды кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Осы бағдарламаны қарқынды түрде жалғастыру керек. Оңтүстіктегі жастарды жұмыспен, баспанамен қамтамассыз етіп, еліміздегі орыстанған жерлерге қоныстандырсақ ұтарымыз көп. Салт-дәстүріміз жаңғырады. Тілімізді дамытамыз. Сол жақтағы орыспен өмір сүріп, біте қайнасып кеткен халықтың санасын жаңғыртамыз. Ең бастысы жастарда расында байланыс болады.
Думан КЕҢШІЛІК.